Белгілі ұлт жанашыры, меценат Бауыржан Оспанов өзінің шаруа қожалығын көрсетіп, барша елді таңғалдырды деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Үйір-үйір жылқы, отар-отар қой бағу көзделген кешенде бәрі ең жоғарғы үлгіде, қазіргі заманға сай жасалған.
Мәселен, Бауыржан Оспановтың айтуынша, қойшыларға арнап әлі де 125 бөлек үй салынбақ. 20 мың орындық аумақта бүгінде 10 мың жылқы жөңкілуде. Жалақы көлемі, бағылатын мал басына қарай, орташа алғанда жарты миллион теңгені құрамақ.
Жалпы қожалықта озық келбеттегі кинотеатр, кең намазхана, монша мен ас бөлмесі, балалар ойнайтын жер қарастырылып, сапалы интернет байланысы үшін тиісті мұнара орнатылған. Арнайы бағдарламалық қамту арқылы қуат үнемдейтін технология іске қосылған.
Айтпақшы, аталған шаруашылыққа малшы отбасылар керек болып жатыр. Қазақстанның кез-келген аймағынан, вахталық сипатта еңбек етем десеңіз, 8 747 717 28 28 байланыс нөмірін теріңіз.
Алматы облысындағы Жыланды ауылының тумасы Бауыржан Оспановтың жақсылығы туралы халық арасында айтылатын әңгіме көп. Ауыл арасында тақтайдай жол салған, қаншама жұмыс орындарын құрған қайырымды азамат ауыл балаларының лайықты білім алуына да қамқорлығын көрсетуде. Мысалға, туған ауылындағы орта мектепті физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектеп-гимназияға айналдырған. Белгілі спорт шебері Қанат Исламға жанашырлығы мен ғалым Асқар Жұмаділдаевке мерейтойына көлік мінгізуі сияқты жарқын сәттер де ерекше есте қалды.