Біртанов мырза, дәрігерлерді неге алалайсыз?

3654
Adyrna.kz Telegram

Редакциядан: Қазір Қазақстандағы ең хит хештегтер "Біз Біргеміз", "Үйден шықпаңыз". Бірақ, біз қаншалықты біргеміз? Жер мәселесі, қазба кен байлықтары, әскери полигондарды жалға беру сынды мәселеде өзі билеп-төстеп шеше беретін билік, жаны қысылып, қиналғанда неге халықпен бірге бола қалады?

Біз үйден шықпай отырмыз делік, біздің өміріміз үшін, қатерлі дертпен күресіп жатқан дәрігерлерге Үкімет қаншалықты көмек көрсетуде? Алғашқы қоңырау түскенде бірінші жететін жедел жәрдем қызметінің еңбегі неге бағаланбайды?

Редакциямызға күнделікті түсіп жатқан хаттардың дені арыз шағым. Оеың басым бөлігі ақ халатты абзал жандардан. Төмендегі хат авторлары Қарағандыдағы жедел жәрдем қызметкерлері екен. Министр Біртанов назарға алса деп хат жазып отыр. Ендеше, аманатқа қиянат жасамай министр мырзаға осы хатты жеткізуді жөн деп таптық.

"Адырна" ұлттық порталы

"Салеметсізбе! Елжан Амантайұлы!

Біз, Қарағанды облысының Жедел жәрдем қызметінде фельдшер боп қызмет етеміз. Сізге төмендегі жағдайды хабарлағымыз кеп отыр. Алдында сіз барлық телеарналардан жедел жәрдем қызметкерлеріне коронавирусқа байланысты үстеме ақша берілетінін айтқан болатынсыз , бірақ біздің Қарағанды облысында жедел жәрдем подстанцияларынан 2-і бригададан осы вирусқа баратын бригадалар бөлінді. Енді Үкіметтен бөлінген ақша тек осы спец бригадаларға ғана берілетіндігін айтты. Алдында  Наурыз айының  он алтысынан бастап барлық бригадалар бардық, бұл спец бригаданы 08.04-нен бастап шығарды, сол кезде барған бригадалар қазір карантинда жатыр. Қазір енді біз ол вызовтарға бармаймыз делік бірақ басқа вызовқа барғанда ол адам бұл вируспен ауырмайтындығына кім кепіл? Осы мәселе бізді мазалайды. Мына спец бригадалар бізбен бірге бір подстанциядамыз егер олар контактыда болса олардан бізге жұқпайма?

Сондықтан біз де қауіпті зонада тұрмыз. Неге алаламай барлық жедел жәрдем қызметкерлеріне бірдей бөлінген ақшаны бермеске. Осы спец бригададан біздің айырмашылығымыз бар ма? Осы мәселені қарастыруынызды сұраймын. Жауапсыз қалмайды деп сенемін! Аты-жөнімізді айта алмаймыз. Себебі, ертең күн көріп отырған жұмысымыздан айрылғымыз келмейді. Өз дәрігерлеріңізді қорғайсыз деген үміттеміз министр мырза!"

Сізге деген құрметпен Қарағандыдан жедел жәрдемнің бір топ қызметкерлері

Пікірлер