Мұғалім – құл емес

3230
Adyrna.kz Telegram

2020 жылы Қазақстанда 200 000 теңге көп ақша емес. Білімді әрі білікті мұғалім 200 000 теңге айлық алу үшін 2 жерде жұмыс істеуге міндетті емес. Мұғалім мектепте бала оқыту үшін өзінің және бала-шағасының аузынан жырып кредитке ноутбук пен принтер алуға міндетті емес. Мұғалім сайлауда биліктің солдаты болуға міндетті емес. Мұғалім Нұр Отанның немесе басқа партияның мүшесі болуға міндетті емес. Мұғалім ешкім оқымайтын газет-журналға жазылуға міндетті емес. Мұғалім мектептің ремонтын жасауға міндетті емес. Мұғалім маска тігуге міндетті емес. ҚР билігінің (экс-президент, қазіргі президент, премьер-министр, министрлер кабинеті, Білім және ғылым министрлігі, ҚР парламентінің қос палатасы, сот билігі) білім саласындағы 30 жылға созылып келе жатқан сауатсыз, жүйесіз әрі әділетсіз саясатының "жемісін" татуға мұғалімдер де, оқушылар да лайық емес. Мұғалім құл емес. Мұғалім құлдық жағдайда жұмыс істегеніне қарсы шыққаны үшін, оны ашық айтқаны үшін халық жауы емес. Мұғалім "кедеймін" деген сөзі үшін камера алдында да, мектеп директорының алдында да, әкімнің алдында да, министрдің алдында да, президенттің алдында да басын иіп кешірім сұрауға міндетті емес. Ал осындай аянышты әрі қорғансыз күйге түспес үшін әр мұғалім өз ар-ожданы мен құқығы үшін өз мектебінде күресуі тиіс. Мұғалімнің статусын көтеретін басқа тиімді жол жоқ.

Шалқар Нұрсейітов

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер