Ақырында Дад-уандықтар өз хандары Муагоның басын кeciп, 3 мың жылқы тарту етуге мәжбүр болды. Хән қосындары осылайша елге оралды». Бұл деректен байқайтынымыз, қытайлықтар дипломатиялық жолмен шешуге болатын мәселені күшпен шешуге тырысқан. Қаңлының оңтүстігінде орналасқандықтан Дад-уанда болып жатқан оқиғалардан Қаңлы билеушілері де әрине, жақсы хабардар еді. Мұның өзi қаңлыларды Қытаймен қарым-қатынаста абай болуға итермеледі. Қытайдағы бауырларымыздың түсіндіруінше, осы дерeкте аталатын Касан қаласы Дад-уаннын (Перғананың) орталық қаласы. Көне жұрты жайында әртүрлі тұспал бар: «Батыс өңip жер аттары» сөздігінде: қaзipгi Ташкенттің оңтүстік-шығысындағы Касан қаласы, «Қытай энциклопедиясы», Қытай тарихы бөлімінде: Перғана өңіріндегі Қожант (Қожент) деп көрсетілген.
Қытай жылнамашылары Қаңлыны өздерінің ықпалына қарату үшін олардың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын аңдып отырды. Мысалы, оларда ғұндардың ішкі ыдырауынан туындаған айтыс-тартыстың қаңлыларға ыкпалы туралы айтарлықтай айтылады. Осыған байланысты Қытай жылнамаларынан мынадай жолдарды оқимыз: «Ілгеріде Шюанди тұсында ғұндардың iшкi араздығының салдарынан бүлік туып, бес тәңірқұт билікке таласып еді. Қағания тәңірқұт пен Тезек тәңірқұт ұлдарын сарайға ақ үйлі аманатқа жіберді, Хән сарайы екеуін де қабылдады. Кейінірек Қағания тәңірқұт өзi бағыныштылық білдipe сарайға келіп, патшаға қол тапсырды.
Ал Тезек тәңірқұт Қағания елінен қуат кеткендіктен Хән әулетіне тізе бүкті, енді сол кеткеннен кайта оралмайды дen ойлайды да, батысқа қарай баса көктеп, оның бірсыпыра жерін езіне қаратып алды. Хән әулеті Қағания тәңірқұтты қасына әскер қосып, еліне аттандырар кезде, Тезек тәңірқұт батысқа жорық жасап, Хагат, Генгүн, Деңлеңдерді талқандап, бұл үш елді бipiктipiп, ордасын сонда тіктi. Тезек тәңірқұт Хән әулетінің Қағания тәңірқұтты қанатының астына алып, өзіне көмектеспей қойғанын кек тұтып, Хән елшісі Жаң Нэйші бастаған адамдарды қыспаққа алып, қорлық-зорлық көрсетті. Чуюанның 4 жылы (б.з.б. 45 жыл) Тезек тәңірқұт Хән әулетіне елшіден тарту тартып, ақ үйлі аманаттағы ұлын қайтарып берсе, елдесуге көнетіндігін білдірді. Хән сарайы ақылдаса келіп, Тезек тәңірқұттың Хән сарайындағы ұлын қорғаушы сыпа Гу Жи апарып салсын деген бекемге келді. Ол Тәңірқұт ордасына барған соң, Тезек тәңірқұт долданып, Гу Жи бастаған адамдарды айтқанындай жайратып салды. Өзінің Хән әулетіне опасыздық жасағанын сезінген, оның үстіне Қағания тәңірқұттын онаң әрмен күшейіп алғанын естіген Тезек тәңірқұт енді батыстағы Қаңлы еліне қарай тартты. Қаңлы ханы Тезек тәңірқұтқа қызын берді. Қаңлы ханына Тезек тәңірқұт та қыз берді. Оның айбарымен маңындағы елдерге айбат көpceткіci келген Қаңлы ханы Тезекті төбесіне көтере құрметтеді. Тезек тәңірқұт Қаңлы қолымен Үйсінге талай мәрте шапқыншылық жасап, Чекүк қаласына дейін ат iзiн салды. Тұрғын елді қырып-жойып, талан-таражылап, малдарын айдап кетті. Үйсіндер өкшелей қууға бата алмады. Өйткені батыс жақ иен, шет-шегі мың лиге таяу созылып жаткан иен далада мекен тұтқан жан баласы жоқ еді. Тезек тәңірқұт өзін атағы шартарапты шарпыған үлкен ұлыс есептеді, басқа елдердің құрметіне бөленгенін, жеңістерге жеткенін көтере алмай асқақтап кетті. Қаңлы ханына жол-жосын бойынша мәміле жасағанды қойып, ашу үстінде оның қызы мен текті дегдарларын өлтірді, тіпті, бірнеше жүз қарапайым бұқараны қырып салды.
(жалғасы бар)
Ардақ БЕРКІМБАЙ