Қазақстан алты азық-түлік тауарларымен, соның ішінде алма, сүзбе және құс етімен өзін-өзі қамтамасыз етпейді, деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.
«Азық-түліктің барлық негізгі түрлері үшін қауіпсіздік 80 пайыз және одан да көп, ал кейбіреулері үшін 100 пайыздан асады. Алты өнім: алма (69,5%), балық (62%), шұжық (61,1%), ірімшік және сүзбе (58,4%), қант (54,4%) және құс еті (51). , 2%), бұл әлі де импортқа тәуелділік », - деді Омаров сейсенбідегі үкімет отырысында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып отыр. Қазақстандықтар 2021 жылдан бастап Ұлттық тізілімге кіріп, кез-келген химиялық зат туралы толық ақпарат ала алуға, тіпті қажетті ақпаратты ұялы телефонымызға жүктеп алуға да құқы бар. Келер жылдан бастап елге келіп жатқан тауар түрлері Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЕАЭО шеңберінде онлайн жүйесінде тіркеледі. Тіркеуден өтпеген, тізілімге енбеген сапасыз тауарды әшкерелеп. ішкі нарықтан ысырып шығаруға әрқайсымыздың құқымыз бар. Бұл ДДСҰ мен ЕАЭО талабы. Сарапшылар, бұл тізімге бірінші кезекте, гендік модификацияланған өнімдер енуі мүмкін екенін айтып отыр. Себебі, гендік инженерияның қауіптілігіне аса назар аудару керек екенін ДДСҰ осыған дейін бір емес, бірнеше рет айтты. Олар геномның өзгеру процесі әрі толық зерттелмегендіктен, оған өте мұқият әрі жауапкершілікпен қарау керек дейді.
Ал, 2008 жылдан бері «ГТӨ мәдениет» бұрынғыдан да өрлей түсті. Канада әлемде ГМ-рапс өндіруден алда тұр. Еуропа ГТӨ-ні азық етуге мәжбүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының бағалауы бойынша азық-түліктегі ГТӨ-ні пайдалану мөлшері 2019 жылдың өзінде әлемдік саудадағы ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің пайызына жеткен.
Тұрғындарды мұндай өнімдерден кім қорғайды, - деген сауал туындауы заңды, оның жауабы екеу: алдымен әр адам сатып алған өнімінің этикеткасын мұқият зерттеп,қауіпсіздігінен көз жеткізуі тиіс, екінші, мемлекет өз халқын ГТ-өнімдердің ашық экспансиясынан заңға сәйкес қорғауы тиіс. Бұл орайда жалған құжаттар мен сертификаттар, осы істерді ұйымдастырушылардың сатылмауы аса маңызды. Осы жөнінде біздің елге соңғы жылдары құрамында ГМО-сы бар тағам өнімдері мен тамақ шикізаты түсе бастағанын, осы санатты азық-түлік пен жемшөп өнімінің ағыны Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіргеннен кейін одан әрі артуы мүмкін екенін, елімізде генетикалық түрлендірілген объектіні қамтитын өнімдер қауіпсіздігіне тәуелсіз сараптама құру қажеттігін қоғам қайраткерлері, депутаттар, ел өміріне бейтарап қарамайтын озық ойлы азаматтар, БАҚ өкілдері ұдайы айтып келеді.
Әрі қарай не істеу керек?
Экономист Мырзакелді Кемелдің түсіндіруінше, біздің елде органикалық өнім өндірудің орасан зор әлеуеті бар.
«Қазақстан жерлерінің 90%-дайы химикаттармен ластанбаған. Осы салада көшбастаудың тамаша мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін саяси ерік керек. «Нақтылап айтсақ, ТЖ өнімдерінің адамдарға әсерін барынша азайтуға қолдан келетіннің бәрін жасауға тырысу керек. Ол үшін: Қазақстанның жағдайында әр аула иесі өз учаскесінде тамақ өнімдерін өздері өсіріп, көктемнен күзге дейін тұтынып, қалалардағы туыстарына да жеткізіп, қамтамасыз етіп тұруы, қыстық азық ретінде шыны ыдыстарға консервілеп алуға ерінбей кірісуі керек. Ең бастысы, бұл дүкеннен ақшаға сатып алған өнімнен таза болады» дейді экономист.
ХХI ғасырда аштан емес, астан өлмейтініңе ешбір ел кепілдік бере алмайды. Құбыжық сәбилер, түрлі аурулар көбейіп кетті. Оларға жауап іздеуге ғылым дәменсіз. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау – генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейді. Бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика. Жантүршігерлік осы жағдайды ойлағанда, гендік инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет. Ол – уақыт мәжбүрлігі. Бірақ жер көлемі әлемде 9 орынды алып тұрған қазақ табиғи таза өнімді экспорттап –ақ 18 млн халқын асырай алады дейді мамандар.
«Үйіргелік учаскелерде есек арқандап қана отырмай, өз ұрпағының өмір сапасын жақсартуға барынша күш салып, жалқауланбай іске кірісу керек» деген пікірге басымдық беріп отыр. Себебі есік алдындағы 6 сотык жерін игере алмай, көк өністі базардан сатып алатындар Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана емес, ауылда да кездесіп қалады» дейді Мырзакелді Кемел. .
Еліміздегі базарларда сатылатын шеттен әкелінетін өнімдердің көпшілік бөлігі гендік модификацияланған тауарлар. Күнделікті базардан алатын заттардың сырт сипаты дұрыс болса, халық күдіксіз сатып ала береді.
Бір ғана мысал, ғалымдар зерттеуінің нәтижесінде алмаға түсетін құртты жоятын ағзаның генін алмаға енгізгенде оған құрт түспейтінін және ұзақ уақыт бойы сақталатынын анықтаған. Тіпті аулада өсіп түрған өрік немесе шабдалы тәрізді жеңсік жемістер сабағынан үзіп алган соң 1 тәуліктің ішінде сыр беріп, шіри бастайтынын талай рет байқанбыз. Осыған қарап отырып Алматы мен Нұр Сұлтан қалаларында жылтырып, көздің жауын алып тұратын Өзбекстаннан келетін жеміс-жидектердің түбі гендік модификациядан алыстап кетпегені ақиқат.
Қазір әр елде ГМО қоспасын тағамда пайдаланудың өзіндік деңгейлері бар. Мысалы, Жапонияда –ол 5%, кейбір Еуропа елдерінде – 0,9%, АҚШ-та – 10% ГМО қоспасын пайдалануға рұқсат етілген. Қазақстанда ГМО мөлшері 0,9% деп бекітілді.
«Әлі күнге дейін ғылыми нақтылық жоқ. ГМО-ның қауіпті екенін дәлелдейтін жұмыстар бар, бірақ оны жоққа шығаратын да ғылыми жұмыстар көп. Оның үстіне ГМО өндірушілері ұзақмерзімді зерттеулермен айналыспайды, олар жүргізген зерттеудің ең ұзағы 90 күн ғана. ГМО денсаулыққа қауіпті. Тәжірибеге қатысқан көртышқандардың екінші және үшінші ұрпақтары көбею мүмкіндігінен айырылған. Қалай дегенмен де, әлем қазір органикалық өнімге бәс тігіп отыр. Оның нарығы қазір 90 млрд АҚШ долларына тең», - дейді «KazFOAM» органикалық ауыл шаруашылығы қозғалысы федерациясының төрағасы Евгений Климов апта басында журналистермен кезедскен кезде.
Қазір гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдерден Австрия, Польша, Швеция сияқты елдер бас тартқан. Оған ашық түрде рұқсат берген АҚШ-та халықтың жетпіс пайызы аллергиямен ауырса, тыйым салған Швециядағы бұл көрсеткіш 7 пайыз. Аштықтың алдын алу үшін ДДСҰ-ның да аяқ –қолы байлаулы екенін белеміз. Аштық ас талғамайтындықтан көптеген елдер көз жұмып отырғандықтан, ГМО-ны өндіретіндер де, сатып алатындар да жылдан-жылға еселеп өсіп келеді.
Нарық ағымына да ілесуге тиіспіз, бірақ кейінгі ұрпақтың да салауаттылығын ойлауға, ұлт ғұмырының ұзақтығын қамтамасыз етуді ұмытпауымыз керек. ГМО- жаңалық, инновация екені, экономиканы алға сүйрейтіні де – шындық. Бірақ ГМО-ның адам баласына әсерін, ықтимал зиянын ғалымдардың толық зерттеп бітпегені де – ақиқат. Бұл ілім үшін әлі игерілмеген кеңістік. Бірақ зияны ұрпағымызға 40-50 жылдан кейін білінуі де әбден мүмкін деген қауіп бар көп көңілінде. Оны сейілтетін де, қоюландыратын да өзіміз.
«бау-бақшаны игеру бізге бөтен емес. Кәсіпкер Зейнаолла Кәкімжанов Алатаудың етегін жалға алып, алма егіп, экспортқа жол тапты. Бұл басқаларға үлгі болса екен деймін. Қазақстан шыққан кәсіпкерлер Зейнолладан үлгі алса екен деймін. Тек кәсіпкерлер емес, әрбір қазақ өзіне тиесілі 6 сотық жерді игеріп, бау-бақша салып, қыс азығын жаз жинап алса, ГМО-ға деген тәуелсіздігіміздің деңгейі төмендер еді. ХХI ғасыр аштан емес, астан да өлетінімізді дәлелдей бастады» дейді Мырзакелді Кемел.
Рауан Ілиясов,
«Адырна» ұлттық порталы