Әскери офицер жазықсыз сотталуда

4511
Adyrna.kz Telegram

Редакциямызға хат келіп түсті. Әділдік іздеп, шындық іздеп шырылдаған хаттың артында бір тағдыр тұрғанын ескеріп, хатты жариялауды жөн деп шештік. ҚР азаматтарын қорғайтын әскери қызметкер өзі қорғаушы іздеп жатса қатардағы қарапайым жұрт қайда барады?

Редакциядан

 

 

ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың,

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың,

ҚР Бас прокуроры Нұрдәулет Ғизатовтың,

ҚР Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың назарына!

 

Алматы гарнизоны әскери сотында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Құрлық әскерлерінің әскери институтының әскери қызметкері капитан Елемесов Асылбек Алмаганбетович яғни мені ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 3 бөлігімен істі қылмақшы. Бұл жағдайды заңсыз және негізсіз деп есептеймін.

Яғни атап айтқанда:

1) Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде ҚР ІІМ ОӨӘТБ  тергеушісі М.Қабылда 2019 жылғы 17 қазанындағы кұдіктінің іс-әрекетін саралау туралы Қаулысында және 2019 жылғы 22 қазанында жасалынған Айыптау актісінде негізсіз және заңсыз капитан  А. А.Елемесов ҚМ ҚӘӘИ басшысының 30.12.2016  жылғы  №795 санды бұйрығына сәйкес лауазымдық міндеттері бойынша қару-жарақ, әскери және басқа техникамен жұмыстар, пайдалану, эвакуациялау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын жеткізуге және олардың орындалуына қол жеткізуге міндетті болған, деп көрсетіп, сілтеме жасаған.

Бірақ, осы аталған ҚМ ҚӘӘИ басшысының 30.12.2016 жылғы №795 санды бұйрығына сәйкес лауазымдық міндеттері нақты ресми түрде жоқ құжат, өйткені ол кезде 2016 жылғы желтоқсанында ҚР ҚМ ҚӘӘИ штаттық лауазымдық категориясы бойынша оқу-артиллериялық батарея командирінің қару-жарақ бойынша орынбасары деген әскери лауазым болмаған.  Дәлел: Менің адвокатымның сұранысына ҚР ҚМ ҚӘӘИ келген жауап 22.11.19.жыл. шығ.№3323. Оқу-артиллериялық батареясының қарау-жарақ бойынша орынбасары деген әскери лауазым 2017 жылдың 31 шілдесінде ҚР ҚМ ұйымдастырушылық-штаттық әрекетерді бекіту туралы бұйрығымен берілген. Сотта осы сұрақты полковник Есеншораев, подполковник Алпысбаев және капитан Камаев аталған құжатты қателікпен жасағанын дәлелдеп айтып берді.

Осыған байланысты қылмыстық іске тіркелген 2016 жылдың 30 желтоқсанында бекітілген оқу-артиллериялық батарея командирінің қару-жарақ бойынша орынбасарының міндеттері жалған, бұрмаланған құжат болып есептеледі. Осы себептен қылмыстық іс бойынша дәлелдеме бола алмайды; 

2) Айтылғанмен қатар, 2019 ж. 17 қазанында күдіктінің іс әрекетін саралау туралы Қаулы (3 бет 3 абзац), айыптау актісі жалған құжат негізінде құралған (3 бет 4 абзац).

Менің адвокатым Айтмұханбет Жақыпбекұлының сұранысына ҚМ ҚӘӘИ хат беріп отыр. Ол хатта (09.12.19 ж. №ЖТ-К-00018) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына ҚР ІІМ ОӨӘТБ берілген ҚМ ҚӘӘИ басшысының 30.12.2016 жылғы №795 санды бұйрығына сәйкес оқу-артиллериялық батарея командирінің қару-жарақ бойынша орынбасарының міндеттері дұрыс емес. Осы жағдаят бойынша қызметтік тексеру жүргізілетіні хабарланды. 2016 жылғы штат бойынша оқу-артиллериялық батарея командирінің қару-жарақ бойынша орынбасары  деген әскери лауазым ҚР ҚӘӘИ болған емес.

2017 жылдың 30 қыркүйегінде бекітілген лауазымдық міндеттерді де жоқ екендігін мәлімдейді;

3) Осыдан басқа,  менің адвокатыиның сұранысына ҚМ ҚӘӘИ хаты бойынша (09.12.19 ж. №ЖТ-К-00019)   ҚМ ҚӘӘИ капитан А.Елемесовке Құрлық әскерлерінің әскери Институт бастығының бұйрығы бойынша қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелмеген және ол ондай біліктілік курстарынан өтпеген. Яғни ол ҚР ҚК 156 бабының субъектісі емес. Жалпы әскери жарғыларда және ҚМ ҚӘӘИ бұйрықтарымен Елемесовтың лауазымдық міндеттері бекітілмеген. Ресми түрде ондай құжат жоқ;

4)  ҚМ ҚӘӘИ өткізілген Қызметтік тексеру қорытындысына сай Р.Жұмабаевтың тоқ соғып өлуі өзінің  жеке абайсыздығынан болған деп көрсетілген.  

 Жоғары көрсетілгендердің негізінде, айыптау туралы негізгі процестік құжаттар заң бұзушылық жолымен жасалынған.  

5) Алдынғы  екі сот мәжілісінде мемлекеттік айыптаушы Шарықбаев Дархан менің  адвокатымның үстінен сотқа жалған ақпарат берді - Елемесовтың лауазымдық міндеттері қылмыстық іске заңды түрде уақытылы тіркелген деп айыптап, сотты алдап, заңсыз бағытқа салу мақсатында маған қатысты іс бойынша менің лауазымдық міндеттерім ҚР ІІМ ОӨӘТБ 2019 жылғы 23 шілдесіндегі 4/10-1296 санды сұранысына сәйкес алынып қарастырылып, тергеуші Кабылда дер кезінде күдіктінің іс-әрекетін саралау қаулысында және айыптау актісінде дәлел ретінде сілтеме жасаған деген жалған ақпарат беріп отыр.

Осы ақпаратты терістеп, жоққа шығару үшін ҚР ҚМ ҚӘӘИ 2020 жылғы 14 қаңтарында «2019 жылдың 19 шілдесі мен 23 қазаны арасында ҚР ІІМ ОӨӘТБ сұранысы бойынша Елемесовтың қызметтік міндеттері жіберілген бе әлде жоқ па?», деп адвокатым сұраныс жасаған болатын.

Адвокаттық сұранысқа ҚР ҚМ ҚӘӘИ 2020 жылдың 21 қантарында ЖТ-К-00002 санды жауап алдым. Осы жауап бойынша ҚР ІІМ ОӨӘТБ 2019 жылғы 23 шілдесіндегі 4/10-1296 санды Институт басшылығына жазған сұранысына   құжатты орындаушы жауапты лауазымдық тұлға капитан Ургенишбаевтың Ж. сөзіне қарағанда көптеген құжаттарды қолма-қол ҚР ІІМ ОӨӘТБ апарып тапсырғаны, ал оның ішінде капитан А.А. Елемесовтың лауазымдық міндеттері болмағаны анықталды. Осы мәселе бойынша негізгі процестік құжаттар: күдітінің іс-әрекетін саралау қаулысы және айыптау актісі еш жерде тіркелмеген заңсыз бұрмаланып жасалынған лауазымдық міндеттерге негізделген. 

Қылмыстық істе мені қылмыс жасады дейтін дәлелдемелер жоқ. Лауазымдық міндеттер жалған болып шықты, әскери-жарғылық зерттеу өткізген  подполковник А.К.Ильясов маман болып табылмаған, сотта өзі қателескенін айтты, взвод командирі және батарея командирінің міндетін атқарушы ретінде міндеттерін жаздым деді, маман Санатова тікелей Елемесовты кінәлі деп қорытынды бермегенін, жіберілген кемшіліктерге Институт басшылығы, олардың бұйрығымен Институтта еңбек қаупсіздігіне жауап беретін қызмет жауап беретінін айтты, Елемесов туралы қорытындыда жазбағанын көрсетті.

 Осыдан басқа, 2020 жылғы 20 қантарында қаралған сот мәжілісінде сотқа маған қатысты шығарылған екі түрлі күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың көшірмелері ұсынылған болатын. Заңды күші бар біреуі 2019 жылғы 16 қазанында жасалынған, ол қаулыда Елемесов минометтік оқу взводының командирі және рота командирі ретінде көрсетілген. Осы қаулы Елемесовке және оның адвокаты С.Серикбаеваға 2019 жылдың 17 қазанында тергеуші Қабылдамен таныстырылып көшірмесі тапсырылған.

Екінші қаулы 2019 жылғы 17 қазанында шығарылған, ол қаулыда мені артиллериялық батарея командирінің қару-жарақ жоніндегі орынбасары және взвод командирі деп көрсетілген, осыған сай ҚР ҚК ІҚЖ талаптарын бұзған деген. Ары қарай ҚӘӘИ басшысының 30.12.2016 жылғы №795 санды бұйрығына сәйкес А.А.Елемесовтың лауазымдық міндеттерін бұзғаны жазылған.  Бұл қаулымен мен таныспағанмын, оның көшірмесі маған берілмеген, себебі қылмыстық іс аяқталып әскери прокуратурада сотқа жіберу үшін әскери прокурор подполковник Ф.Ибрагимовте болған, осы кезде процестік құжаттар бұрмаланып, негізсіз ауысқан. 

Осы мәселені дәлелдеу үшін тергеуші Қабылда жұмыс жасаған компьютерді және принтерді криминалистік сараптамаға берсе, екі қаулыда бір компьтерде терілгенін және бір принтереден шығарылғанын анықтауға болады.

2019 жылғы 20 шілдесінде менен ОӨӘТБ ғимаратында куә ретінде сұрақ алынып хаттама ретінде рәсімделген жауаптағы қойылған қолдар менікі емес болып шықты, оған дәлел мен сотта хаттаманы қылмыстық істен көріп, айтқан көрсетпесі және басқа құжаттардағы нақты қолдарына ұқсамайтындығы. Осылай ол құжат заңсыз болып отыр.  ҚР ҚПК 112 бабының 3 тармағына сай Күдіктінің одан куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ күдіктіні айыптау негiзiне жатқызуға болмайды.

Осымен қатар, сот отырысында менің лауазымдық міндеттерім ҚӘӘИ басшысының 30.12.2016 жылғы №795 санды бұйрығымен бекітілмегені және ондай лауазымдық міндеттер мүлдем жоқ екендігі толығымен анықталды.

Айыптау актісінде мені  негізгі жұмыс беруші және ҚМ ҚӘӘИ басшысы ретінде ретінде көрсеткен.

 Энергетика Министрінің бұйрықтарын және ҚР Еңбек кодексінің талаптарын бұзған деп айыптаған. Бірақ лауазымыма сәйкес мен Институт басшылығының қатарына кірмеймін, жұмыс беруші емеспін.

 

2019 жылғы 19 және 20 шілдесінде оқиға болған жерді   қарау хаттамасын тоолтырғанда тергеуші ҚР ҚПК 220 бабының (Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары) талаптары тікелей бұзылған. Атап айтқанда:

 

  1. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс.
  2. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
  3. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады.
  4. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аударуға құқылы.

Осы аталған хаттамада оқиға болған жерден - Кешер және электрқуатын беретін арқан, техника қаупсіздігі туралы Кітап алынғаны туралы мәлімет мүлдем жоқ. 

ҚР ҚПК 111 быбының 1 тармағына сай (Дәлелдемелер ұғымы): «Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады». 

Осы жағдаята заттар: Кешер және электрқуатын беретін арқан, техника қауіпсіздігі туралы Кітап заңды түрде хаттамаммен алынбаған, тергеуші  оларды заңсыз дәлелдеме ретінде тауып отыр.

ҚР ҚПК 122 бабына сай дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізу арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.

Біздің жағдайда Кешер және электрқуатын беретін арқан, техника қаупсіздігі туралы Кітап дәлелдемелер ретінде алынбаған.

ҚР ҚПК 123 Дәлелдемелерді бекіту атты бабына сай «Нақты деректер процестік әрекеттердiң хаттамаларында тіркелгеннен кейiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкін», ал Кешер және электрқуатын беретін арқан, техника қаупсіздігі туралы Кітап ешқандай хаттамада тіркелмей, заттарды қарау хаттамасында ғана 2019 жылғы 29 шілдесінде ҚР ІІМ ОӨӘТБ  ғимаратында пайда болған.

  Осы заттар тек қана 2019 жылғы 29 шілдесіндегі заттарды қарау туралы хаттамасында  ҚР ІІМ ОӨӘТБ ғимаратында тергеуші Кузембаевтың кабинетінде Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі 95 үйде пайда болады. Оны тергеуші бірінші рет қарап өзінің хаттамасымен қылмыстық іске айғақты заттар ретінде тіркейді. Хаттамада ол заттар қарар алдында «Алматы аймақтық гарнизонынын әскери полиция отрядының Пакеттер үшін» деген мөрімен мөрленгені, ал қол қойған ҚР ІІМ ОӨӘТБ тергеушісі Кузембаев А.С. деп белгіленгені анықталған. ҚМ ӨҚӘӘИ подполковник Алпысбаев М.Б. қол қойған. 

Осылай, заттар мөрленген мөр Қорғаныс министрлігінің Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядынікі, ал расталу қолы ҚР Ішкі істер министрлігігі Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының тергеушісі Кузембаевтікі болып шығып отыр. Екі әр түрлі мемлекеттік мекемелердікі. Тергеуші Кузембаев ААГ әскери полициясында қызмет атқармайды.

Оқиға болған жерді қарау кезінде ҚМ ҚӘӘИ қатысқан Алпысбаевқа ҚР ҚПК 220 бабы 8 тармағына сай Қарап-тексеру кезiнде табылған және алып қойылған заттар  көрсетiлмеген, бұл туралы хаттамада белгi жасалмаған және осы бабтың 10 тармағына сай оған қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аудару құқығы түсіндірілмеген.

Осымен қатар, ҚР ҚПК 221-бұзылып (Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау) 2019 жылғы 29 шілдесінде тегргеуші Кузембаев оқиға болған жерден алынбаған заттар- Кешер және электрқуатын беретін арқан, техника қаупсіздігі туралы Кітап  қарап тексерілген.   (1. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстiң 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады.

Осы себептерге байлансты нақты деректер, егер олар ҚПК талаптары бұзыла отырып алынса ҚР ҚПК 112 бабына   сай дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.

ҚР ҚПК 119 бабының 1 тармағына сай  электротехникалық мамандар Т.С. Санатова және М.В.Башкиров жүргізген оқиға болған жерді қарап-тексеруге, заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған деректер туралы хаттамалар жасалынбаған. Сондықтан дәлелдемелер болып табылмайды.

Осылай, ҚР ҚПК 112 бабының 2 тармағы 5) тармақшасына сай процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы дәлелдемелер жиналған.

Капитан Асылбек Елемесов

 

 

  

 

Пікірлер