"Чемодандарыңыз дайын болсын". Алматылықтарға кеңес берілді

5589

Аймақта кез-келген уақытта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін.
Сейсмологтар Алматы мен Алматы облысының тұрғындарын «өте қажет чемодандар» дайындауға шақырады. Төрт күн ішінде облыста төрт дүмпу тіркелді, деп хабарлайды Today.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Соңғы жер сілкінісі кеше болды. Оның эпицентрі облыс аумағында Алматыдан 230 шақырым жерде болды. 3 баллдық жер сілкінісін Талдықорған мен Текелі тұрғындары сезінді.

Мамандар алдағы жылдары аймақта жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Болжам кезеңділік гипотезасымен байланысты. Алматы облысында жойқын жер сілкінісі 100-140 жылда бір рет болады. Соңғы трагедия өткен ғасырдың басында болды. Сол кездегі Кемин жер сілкінісі 400-ден астам адамның өмірін қиды.

Бұл жағдайдың қайталанбауы үшін Сейсмология институты жер қыртысының барлық ауытқуларын мұқият қадағалап отырады.

«Кез-келген уақытта мұнда осындай жер сілкінісі болуы мүмкін. Осыған байланысты сейсмологтар ғана емес,  біз бәріміз, мемлекеттік органдар, сейсмологтар, Алматы мен Алматы облысының барлық тұрғындары  дайын болуымыз керек. Біз аяқ асты оқыс оқиғалардың болуы мүмкін кезеңде екенімізді түсінуіміз керек» - деді сейсмология институтының аймақтық сейсмикалық зертханасының меңгерушісі Алла Садықова.

Пікірлер