"Алдымен экономика"... Халықты таза алдау

3968
Adyrna.kz Telegram

Альберт Винсемиус. Нидерландтық экономист. Әлемдегі "Сингапур ғажайыбы" атанған экономикалық бомба - Сингапур елінің 20 ғасырдағы көсемі Ли Куан Ю дің басты экономикалық кеңесшісі болған екен.
Ол 1960 жылдары Ли мен келісімшарт жасасқанда әуел бастан Сингапур басшысына екі - ақ талап қойыпты, оның біреуі -
- "Егер сіздер расында еліңіздің дамуын қаласаңыздар билік басынан коммунистерді және коммунист шатыс бәлелерді қуасыздар" деген екен.
Оған Сингапур көсемі қарқылдап тұрып күліп "неге?" деп таңырқай сұрағанда,
Альберт "коммунистер - мұрындарына экономиканың иісі де бармайтын, нарық заңдары дегеннің не екенін түсінбейтін, тек қана ұраншыл ноқай болады, ал бұндай сауатсыз басшылар басқарып отырған жерде қандай да бір өрлеу, экономикалық даму, әлеуметтік өркендеу деген нәрсе ешқашан болмайды, сондықтан Ли мырза, сіз екеудің біреуін таңдаңыз" деп бір - ақ кескен екен.

Сингапур басшысы сәл ойланып бұның айтқанын екі етпей еліндегі коммунистердің ықпалын қатты шектеп батыс елдерінің даму жолына біржола бет бұрыпты. Нәтижесінде, келешекте жаһандағы коммунистердің құрған басқару жүйесі өзін ақтап шықпай құрдымға кетіп Сингапур бүгінде үздік экономикалардың біріне айналды.

Жарықтық Альберт өз заманында сол кезден - ақ бұндай болашақты көре білген сұңғыла маман бопты. Сингапур басшысы бұл бесаспап маманды - "бұл көреген жігіт біздің еліміздің бағы болды" деп сағына есіне алады.
Расында, коммунист - шатыс басшылар экономикалық сауаты шамалы, өте сауатсыз басшы боп келеді. Бұлар үшін бай елді кедей елге айналдырып тоздырып жіберу, жемқор боп кету, өзінің орашолақ саясатымен былыққа белшеден бату деген нәрсе - "шес секунт."
Сондай таяз коммунист басшының бірі румын Никалае Чаушеску еді, елі ішер ас, киер киім таба алмай, бос сөрелері қалқайып тұрған дүкендерінде кезекке тұрып жұтап отырғанда топас басшы Чаушеску сыртқы қарызын төлеп, әлемдегі ең үлкен парламент ғимаратын сала беріпті. Қарыздың аты қарыз әрине, оны қайтарған дұрыс, бірақ ол кезде халық не істейді, аштан өле ме? Бұл таза масқара ғой! Румындар бұның тұсында кәдімгідей қаратабан кедей боп қатты жүдеп кетті.
Соңында халқы бұндай біліксіз басшыны тағынан аударып көзін құртты, дәлірек айтсақ қасындағы шабармандары бір тиынсыз қалған Чаушескудың басынан бағы тайғанын көріп дереу итше ата салды.

Бұның тұсында жағымпаздық пен парақорлық кең етек жайып румындар ұлт ретінде рас тозып кетті. "Карпат ғұламасы", "мыңжылдықта біртуар көсем", "қайталанбас данагөй көшбасшы".....
міне сіздерге надан Чаушескудың бұрыңғы атауларының басты тізімі және Чаушескудың туғандары мен туыстары үлкен жауапты қызметтерде отырды, бұның жобасы шамамен осындай. Жалпы, бұл румын диктаторының халқына зияны көп болды.
Бұлар үшін, өздерінің озбырлығына қарсы, яғни әділетсіздікке қарсы бас көтерген ер азаматтардың соңына түсіп, оларды қуғындау, түрмеге қамау, тың - тыңдау, аңду, ату, асу деген нәрсе қалыпты құбылыс. Оның бәрі бұл жүйеде болды, әлі де бар.
Жалпы, бұрын социалистік жүйеде болған Шығыс Еуропа елдерінің тағдырлары өте ұқсас болды - Югославия, Польша тағы басқа сол сияқты елдер егіздей ұқсас елдер еді..

Тіпті Солтүстік Корея мен Куба да сондай еді, бұл елдердің халықтарының сорына қарай бұлар іс жүзінде бір - бір коммунистік дымбілмес ұраншы басқарған елдер - болатын.
Дян Сяопинге дейінгі Қытай да сол.
Ал ана Совет өкіметі тіпті өзінің орашолақ "жоспарлы бесжылдық экономикасын" жалған сипырлармен бояп, "коммунизмге әне міне жетеміз" деп ұрандап, ақыры тырапай асты, міне сіздерге тағы бір көрсеткіш ..
Жалпы, бүгінде совоктың феодалдары билеген баяғы социалисттік елдер аумағында бұндай мысалдар өте көп, әсіресе бұндай мысалдар ТМД аумағында жетеді.
Менің тағы бір байқағаным, егер бұндай сауатсыз басшылар барша жақсылықты келешекке қалдырып, "алдымен экономика"... деп алдаусырата бастаса, оған мүлде сенбеу керек екен, бұндай басшылар экономиканы да, саясатты да, екеуін де қарық қылмайды екен, оған көз жетті.

Олжас Әбіл

Пікірлер