«Жусан» операциясы Сирияда азаматтардың қалып кетуіне жол бермейді

2969
Adyrna.kz Telegram

«Жусан» операциясы Сирияда жалғыз азаматтың да қалып кетуіне жол бермейді

Осыдан бір апта бұрын Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымымен жанжалды аймақтардан азаматтарын Отанына қайтару мен оларды қоғамға сіңістіру тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық ұйымның штаб-пәтерінде өткен брифинг үлкен қызғушылық туғызды. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы «Жусан» операциясы туралы баяндап берген болатын.

« БҰҰ террорға қарсы басқармасының жетекшілері Қазақстаннан үлгі алуға шақырып отыр. Шиеленісті аймақтардан өз азаматтарын қайтару бойынша сәтті өткен арнайы гуманитарлық шара халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне аударды. Әскери қимыл жүріп жатқан аймақтардан Қазақстанның 600-ден астам азаматы Отанына оралды. Ал осы кезде 80 мемлекеттің ондаған мың тұрғыны үйіне қайта алмай, босқыншылықтың зардабын тартып отыр. «Қазақстан шиеленісті аймақтардан өз азаматарын қайтару бойынша осындай ауқымды операция жүргізген алғашқы ел болды. Бүгінгі кездесуде өзге мемлекеттердің жауапкершілігіне назар аударғымыз келді. Аталмыш аймақтардағы лагерьлерде әлі күнге дейін 70 мыңдай адам қалып отыр, оның басым көпшілігі балалар» дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Ресми дерекке сүйенсек, жарты жылда өткен төрт операцияның нәтижесінде 595 отандасымыз елге оралса, оның 406-сы – балалар. Атамекенімен қайта қауышу маңдайына жазылған 33 ер азаматтың 15-іне үкім шықты. Жусан» операциясының орындалуына көптеген елдер мен Халықаралық ұйымдар, оның ішінде АҚШ көмектесіпті. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, аталған мемлекетте әлі 380-ге жуық Қазақстан азаматы бар. Көбі әйелдер. Олармен бірге 500-дей сәби тұрып жатыр.

«7-9 мамырда әскери қақтығыс болған аймақтардан 231 қазақстандық елге қайтарылды. Олардың ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала бар. Бұл гуманитарлық операция біріншіден қарулы шиеленіс аумақтарында болған біздің азаматтарымызды құтқаруға, сондай-ақ олардың балаларына Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары ретінде бейбіт өмір сүруге мүмкіндік беруді көздеді», - деді Ашықбаев.

Елге қайтарылған азаматтар 2012-2015 жылдар аралығында Астана, Алматы қала­лары, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарынан кеткен. Ал Қазақстанға оралған балалардың әкелері түгелге дерлік соғыс жағдайында опат болған.

«Қазақстандықтардың бірқатары өздерінің төлқұжаттарын жоғалтқан. Балалардың басым бөлігі бұдан бұрын ИЛИМ/ДАИШ бақылауындағы аймақтарды туған болатын. Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер операция барысында консулдық -құқықтық әрі логистикалық қолдау көрсетті», - деді Е. Ашықбаев.
БҰҰ Бас ассамблеясы барлық мүше мемлекеттерді ұлттық заңнамаға сәйкес және гендерлік аспектілерді ескере отырып, терроризм құрбандарына көмек көрсетудің жан-жақты жоспарларын жасауға шақыратын «Терроризм құрбандарына көмек көрсету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту» қарарының бірауыздан қабылданғанының символдық мәні бар.

Жақында Алматыда өткен БҰҰ Саммитінде БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Орталық Азиядағы бөлімінің аймақтық өкілі Ашита Миттал
бұл жаһандық құбылыс екенін тілге тиек еткен болатын.   «Қазақстан түрлі экстремизмге қарсы тұрудың өте сауатты және болашаққа бағытталған кешенді стратегиясын қабылдады, онда әртүрлі шараларды, соның ішінде зонада тұрған адамдарды үйлеріне қайтару шаралары қарастырылған. жанжал, атап айтқанда қақтығыс аймағындағы әйелдер мен балалар үйлеріне қайтарылған «Жусан» операциясы », - деді Миттал экстремизмге қарсы тұру жөніндегі дөңгелек үстел барысында.

Ол әскери қақтығыстар аймақтарынан оралғандарды оңалтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жерде біз шатасып жатқан азаматтар туралы айтып отырмыз. Оларды Ирак пен Сирия сияқты қиын аудандардан қайтару қажет. Сондай-ақ, елге оралғандарды әлеуметтік оңалту және реинтеграциялау мәселесі де бар. Бұл әйелдер мен балалар ғана емес, сонымен қатар шетелдік жауынгерлер, террористер. Олар түрмелерге барады, және түрмелерде олардың радикалдандырылмайтынына және басқа түрме контингентін радикалдамайтындығына көз жеткізу керек.Ол үшін өте сауатты саяси әдістер, принциптер қажет. бұл адамдардың лайықты азаматтар ретінде, олардың қоғамға оралуы және пайда әкелуі үшін », - дейді ол. Митталдың айтуынша, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі бюросының аймақтық кеңсесі Қазақстан үкіметімен бірлесіп экстремизмнің алдын-алу бойынша стратегия мен шаралармен жұмыс жасайды.

Бірақ осымен бірге Сирия шындығы, сол елде от пен оқтың астында жүрген қазақстандықытардың шындығы  әзірге көп өтіріктің құрсауынан шыға алмай жатыр.  Мәселеге сол елдің, жердің ниесі сириялықтар тұрғысынан келгенде олардың  мультиэтникалық, көп конфессиялы мәдениетін қорғап қалудағы жанкешті әрекетін   феноменальды деп бағалауға болады.  Олар мүдделер қақтығысының арасынан жол тауып, мемлекеттіліктерін қалпына келтіріп жатыр. Бірақ олар жайлы  ақпаратты әлемдік БАҚ-тың бірде-бірінен таппайсыз. Себебі қазір біртұтас ел екіге бөлінді. Бірі  майданның бергі шебі, екіншісі арғы бетте, өз қандастарынына қол көтеріп жүрген арғы  бетте. «Жусан » операциясы бойынша сол жақта жүрген біраз азаматтарымызды балаларымен елге қайтардық.  Сарапшылар  Астана процесі Сирияда жүрген азаматтарымызды елге қайтарды.   БҰҰ мен байланыс жүйесінде азаматтарымызды қайтарып алу мәселесі бойынша Сирияның арнайы қызмет өкілдері, келіссөздің өзге де қатысу елдермен    келіссөздер жүргізілді.   Оның барысы белгілі бір себептерге байланысты көпшілікке жария болған жоқ. Мысалы, Сирияда болып қайтқан қазақстандық журналист Ақмарал Баталова  Ирак пен Сирияда радикальды топтарда соғысқан адамдарға өлім жазасы кесілетінін айтады. Бұл ретте біздің ел гуманистік көзқарас тұрғысынан біз дамыған елдердің өзіне үлгі алатындай шешім қабылдадық. Франция жат ағымға түсіп кеткен азаматтарынан бас тартып, олардың балаларын ғана елдеріне алдырды.  Тәжікстан қатесін мойындағандарына ғана кешірім берді. «Кәмелет жасына толмаған балалардың елге оралғаны –дұрыс. Ал кәмелет жасынан асқан азаматтар елге оралған соң біраз қиындықтар тудыруы мүмкін. Мысалы, Түркия азаматына тұрмысқа шықтым деп шетел асқан қыздарымыз жат елге барғанда «джихадтың қалыңдығы»  екенін біра-ақ біледі» дейді Акмарал Баталова.

Сарапшылар осы ретте       Ирак, Ливия мен Сирияда  лаңкестік топта болғандардың санасына   саналы түрде химиялық-синтетикалық есірткілердің көмегімен арандату жұмыстары жүргізілгенін айтады. Мұны  «посттравматикалық синдром дерті»деп атайды екен. Олар  елге қайтқан күннің өзінде бірнеше жылдардан  кейін  деструктивті күштер ұйымдастырған теректардың «басты ойыншыларына» айналып кетуі қаупі де жоғары. Сондықтан Таяу Шығыс елдерінен елге оралғандардың бәрі арнайы мамандандырылған орындардың бақылауында болуы тиіс.

«Қажет, керек көмекті сол азаматтарымызды тұманнан алып шығатындай жұмыстарды қандай деңгейде ұйымдастыра аламыз. Бізді алдағы уақытта осы мәселелер толғандыру тиіс» дейді саясатанушы  Расул Жұмалы.

Сириядағы соғыс өрті тұтанғанына 8 жылдай уақыт өтті. Миллиондаған тұрғыны басы ауған жаққа кетті. Өз халқы осылай босып жатқанда, мұндағы лаңкестік топтар сырт ел азаматтарын арбауына түсіріп, олардың өмірін ойран етті.

Олар неге кетті?

Бұл ретте «Азаматтарымыздың джихадқа кетуіне билік кінәлі, олар бала –шағасын асырай алатын жұмыспен қамтамасыз етілмеді»    пікірдің көпке дейін бәсі басым болып келгені белгілі.  Теңіз немесе Атырауға қатысты әртүрлі факторды алға тартады. «Бірақ бала-шағасын асыраймын деп шет елге кетіп, олардың бас-амандығына, қала берді мемлекеттің, Отанының біртұтастығына  қатер төндірген   азаматтардың қылмысын ақтап алатын заң жоқ!

«Себебі терроризм - бұл саяси құрал, адамдар мен тұтас мемлекеттерді манипуляциялау құралы екенін түсінетін кез жетті. Біз адамдардың санасында осындай ойдың қылаң бермеуі үшін де күресуіміз керек» дейді Расул Жұмалы.

«Европол» контртеррорлық бөлімшесінің жетекшісі  Мануэля Наваррете  журналистерге берген сұхбатында ИГИЛ тобының басты құрбандығы 18-25 жас аралығындағы әйелдер екенін  айтады. Сол себепті ендігі жерде  «Біз бұл апаттан балаларымызды қалай сақтап қаламыз? Мұндай радикальды ағымдарға дес бермейтіндей, рухани иммунитетімізді қалай күшейтпекпіз?» деген мәселелерге жауап іздеу маңызды.   Бұл процессті  Сирия жерінде адасқандарды елге қайтару процесімен бірге жүргізу маңызды.

Түйін

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Бейжіңде танымал қытай актері әрі режиссер Джеки Чанмен кездескен сәті туралы  инстаграм парақшасында «Сәуір айында Джеки Чанмен кездескенде "Жусан" гуманитарлық операциясы туралы айтып бергенмін. Сол кезде ол бұл оқиғадан қатты әсерленіп "бұл фильмнің дайын сюжеті екен" деген болатын. Кеше Пекинде Джекимен тағы кездескенде әртүрлі тақырыптарды талқылап, сонымен қатар, қаңтар операциясынан кейін де "Жусанның" бірнеше кезеңі болғанын айттым. Содан кейін дайындалып жатқан фильмнің концепциясын көрсеттім. Джекидің айтуынша, мұндай шынайы оқиғаға негізделген тарих көпшілікке кеңінен насихатталуы тиіс. Джеки бұл фильмге түспейді. Ол басқа жобаға қатыспақшы. Нақты қандай жоба екенін келесі айда айтамыз» деген жазба қалдырған.

Сириядағы соғыс қимылдарының тасасында тығылып тұрған мүдделі топтардың араны ашылып кетті. Олардың «тәбеті басылмаса »  соғыс жүре беретіні ақиқат. Соғыс құрбандықтарды өзімен бірге ала келеді. Одан ешкім сақтандырылмаған. Оның ішінде Қазақстан да. Себебі апта басында осы күнге дейін атқарылып келген операцияның аты өзгеретіні белгілі болды. Демек келесі кезеңіне өткені, Сириядағы соғыс аяқталмай мұның жалғаса беретіні даусыз. Жат елде азаматтарымыздың қалып қоюына мемлекетіміз жолмесі анық.

Джеки Чан айтқандай,  Жусан" гуманитарлық операциясы туралы БҰҰ қаржыландыруымен әлемдік деңгейдегі кино түсіру керек шығар. Себебі қоғамдық сананың иірімдерінің мемлекеттік идеология жете алмаған қалтарыстарына кино жететіні белгілі.

Рауан ІЛИЯСОВ

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер