Кешегі Путин айтқан сөзге бекер мән бермедік

7044
Adyrna.kz Telegram

Оның айтуынша, қазір 75 мың (!) қазақстандық жас Ресейде оқып жүр. Сондықтан ресейліктер Омбыдағы техникалық университет жанынан елімізден оқуға кеткен жастарымыз үшін бөлек кампус салмақ. Студенттерге арналған бұл қалашықта жатақхана, ойын-сауық кешендері, кітапхана, коворкинг орталықтар болады деп жоспарлануда.

Демек, 4-6 жылдың ішінде студенттердің Қазақстанмен байланысты мүлдем үзілуі мүмкін. Оған бірнеше нақты себеп бар. Біріншіден, ресейлік ассимиляция процесі. Екіншіден, Қазақстанда олармен ешкім жұмыс жасамайды. Қауымдастық жоқ, стажировкаға шақырмаймыз, жұмыс ұсынбаймыз. Ең бастысы – прагматикалық себеп. Онда студенттер үшін бәрі бар. Жеке заманауи тұратын жер, тегін оқу, жоғары шәкіртақы (мен оқығанда шамамен 20 мың рубль шәкіртақы алдым). Қосымша жұмыс түрлері көп және бітіргеннен кейін жұмыс табу өте оңай.

Яғни салынатын кампус – Омбыда оқитын 12 мыңға жуық қазақ жастарының елге оралмауына жол ашатын жоба.

Бізде қазір жалғыз мүмкіндік бар. Қазақстаннан кеткен студенттермен тығыз жұмыс істеуіміз керек. Жастарға идеологиялық, ақпараттық қолдау болатын арнайы жобалар бастауымыз қажет.

Бұлай жалғаса берсе «интеллектуалдық сыңсу» айтатын кез де келеді.

Максим Споткайдың Фейсбук парақшасынан

Пікірлер