Бағаларды әртүрлі қойған. Қазақстандағы ресейлік компанияға қатысты тергеу басталды

524
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік «КДВ Групп» холдингінің Қазақстандағы бөлімшесі – «КДВ Казахстан» ЖШС-і бағаға манипуляция жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Осы компанияға қатысты тергеуді Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) жүргізіп жатыр.

БҚДА мәліметінше, компания бірдей кондитерлік өнімдерді әртүрлі бағамен және әртүрлі шарттармен ұсынған. Осыған байланысты ресейлік холдингтің Қазақстандағы еншілес компаниясы баға дискриминациясына және Қазақстанның бәсекелестік заңнамасын бұзуға қатысы бар деген күдікке ілінді.

«Антимонополиялық орган бұған дейін “КДВ Қазақстан” ЖШС-іне анықталған заңбұзушылық белгілерін ерікті түрде жою туралы хабарлама жолдаған. Алайда компания бұл ескертуді елемеген. Соның нәтижесінде тергеу басталды», – деп мәлімдеді агенттік.

«КДВ Қазақстан» ЖШС – ірі ресейлік азық-түлік холдингі «КДВ Групп»-тың бөлімшесі. Бұл компанияға түрлі  брендтермен 700-ден астам өнім түрін шығаратын 15 фабрика тиесілі. Өнімдері Қазақстаннан бөлек, ТМД елдеріне де экспортталады.

«КДВ Групп»-ты Ресейде кәсіпкер Денис Штенгелов негізін қалаған. Forbes дерегінше, 2023 жылғы мәлімет бойынша оның байлығы шамамен 1,3 миллиард долларды құрайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер