Семейде оқушы қызды зорлаған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1008
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласында мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Абай облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сот процесі жабық түрде өтті. Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы шілде айының соңында мұғалім Семей қаласының оң жағалауында орналасқан көліктің ішінде қызды зорлаған.

Ер адам өз кінәсін мойындаған жоқ, өзін ақтауды сұрады. Алайда сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оның ұсталғаны туралы 2024 жылдың қараша айында белгілі болды. Сол кезде оның жасы 32-де екені, мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтіні хабарланған. Жәбірленуші – 8-сынып оқушысы. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қыз мектепке барып жүр. Оның ата-анасына бала құқықтары жөніндегі уәкілге және психологиялық қолдау орталығына жүгіну ұсынылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер