«Turkistan» телеарнасы жасанды интеллект арқылы алғашқы анимациялық туынды дайындады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Аниматорлар бұл жобаны «Түркістан сақшылары» деп атаған. Идея авторы — телеарна қызметкері Ғасыр Құралбай. Жасанды интеллект маманы мультфильмнің алғашқы бөлімін небәрі 7 күнде жасап шыққан. Ең қызығы — алғашқы серияға бар-жоғы 70 мың теңге жұмсалған.
Ғасырдың айтуынша, жасанды интеллект бағдарламасының ақылы нұсқасына жазылуға – 100 АҚШ доллары, анимациялық фильмнің саундтрегін жаздыруға 20 мың теңге жұмсалған. Сондай-ақ ол мультфильмнің келесі сериялары дайындалып жатқанын, болашақта кинотеатрларда көрсетілетін толыққанды коммерциялық мультфильм түсіруді жоспарлап жүргенін айтты.
Фильм кейіпкерлері – Ақпантер жылдам әрі батыл барыс, Алтынқанат – бәрін байқағыш бүркіт, Тасбатыр ата – ғасыр жасаған ақылгөй тасбақа. Туынды сюжеті қасиетті қала Түркістанды қауіп-қатерден қорғап, балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейтін мифологиялық кейіпкерлердің әрекеттерінен құралған. еуі туралы.