«Хутор жігіттеріміз». Қаржаубай Нұрымов сотта болған оқиғаны баяндап берді

1007
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі өтті. 18 сәуірде жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтан жауап алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нұрымовтың айтуынша, марқұм Шерзат Полат сол күні дүкенге телефон қуаттағышын алуға барған.

«…Дархан Әскентай мас болды. Жаныма келіп сөйлеген кезде ішімдіктің иісі шығып тұрды. Сыра мен темекі алып кетті. Сол уақытта марқұм балам қуаттағышын алуға келді. Дархан қайта келді, онымен сөйлескен кезде маған дұрыс сөйлемегенін байқап қалған. Ішкен адам енді боқтанып сөйлейді. Дархан шықты, артынан бала шықты. Терезе ашық тұрған. Екеуінің жоғары тонда сөйлесіп жатқанын байқап қалдым. Мен шығып үлгергенше бала ұрып жіберді. Ажыратып алдым. Балаға ескерту жасадым.

Дүкенге кіріп шығып, Дарханнан кешірім сұрадым. Ауруханаға апарайын, ақыңды төлейін, ішемін десең, оны да берейін дедім. Ол әрі қарай кеткендей болды. Кешірім сұрағаныма «кешірмеймін, балаларды шақырамын, балаң денсаулығын қойып тастайды» деді. Балаң жауап береді деп кетті. Сонда да ешкімді шақырма, өз арамызда шешейік дедім. Кішкентай бала, 16 жаста, шешесінен боқтамағанда ондай болмайтын еді деп айттым», – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Сондай-ақ, Нұрымов қылмыскерлер өздерін “хутордің жігіттеріміз” деп таныстырғанын айтты.

«Дүкенге Нұрбол келді, көлікте кәмелетке толмаған жас жігіт болды. Көліктен шығып «кім?» деп сұрады. Балаға ашуланып кетпесін деп, «мен соқтым» дедім. «Танымайсыңдар ма, мен Нұрболмын, хуторскиймін, біз Хутордің жігіттеріміз» деді. Нұрбол мас екен. Дархан жетім бала ғой, неге жетім баланы ұрасыңдар деп айтты. Ұстап алып, оны ешкім ұрған жоқ», – деді Нұрымов.

Қаржаубай Нұрымовтың сөзінше, марқұм інісі Нұрқанат Ғайыпбаев Шерзаттың қазасына қатысты қылмыстық істегі сотталушының бәрімен таныс болған. Тіпті сотталушы Равиль Сакиев пен Нұрқанат Ғайыпбаевтың арасында кикілжің болған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер