ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

911
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мәліметінше, 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған.

«Құрметті азаматтар! ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткінің айналымына тарту фактілерінің жалғасуына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары бар»,—делінген хабарламада.

ІІМ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

«Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Бірлесіп қана есірткісіз, қауіпсіз қоғам құра аламыз!»— деп толықтырды ІІМ өкілі Қуандық Әлжанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер