АҚШ-та Трампқа қарсы 400-ге жуық наразылық өтті

974
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP

19 сәуір күні АҚШ-тың ірі қалаларында — Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско және басқа да мегаполистерде Дональд Трампқа қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. 

Наразылық білдірушілер Ақ үй басшысын авторитарлық басқару стилі үшін және заңсыз мигранттарды сотсыз депортациялау әрекеттері үшін сынға алды.

Вашингтонда жүздеген адам Ақ үйдің алдына жиналып, қолдарына «Патша керек емес», «Трампқа импичмент» деген жазуы бар плакаттар ұстаған. Акцияға қатысушы Бенджамин Дуглас билік өкілдерінің ксенофобияны қоздырып, құқықтық кепілдіктерді бұзу үшін жеке тұлғаларды пайдаланатынын айтты.

Нью-Йорк қаласында наразылық білдірушілер қоғамдық кітапхананың алдындағы алаңға жиналған. 73 жастағы Кэти Вали, отбасы Холокосттан аман қалғанын айтып, қазіргі жағдай мен Гитлердің билікке келу кезеңін салыстыруда.

Сан-Францискодағы Оушен-Бич жағажайында бірнеше жүз адам жиналып, өз денелерімен IMPEACH + REMOVE («Импичмент + Қызметтен кетсін») деген жазу жасап, төңкерілген АҚШ туын көтеріп шықты. Бұл — дағдарыс пен апаттың дәстүрлі белгісі ретінде қабылданады.

Наразылық акцияларын ұйымдастырушы — 50501 тобы. Бұл атау — «50 штатта 50 наразылық және бір қозғалыс» деген мағына береді. Ұйым өз сайтында шамамен 400 наразылық шарасы өткізілгенін хабарлап, олардың бейбіт сипатта өтуінің маңыздылығын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер