Газдан уланған. Жамбыл облысында үш қыз қаза тапты

872
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында  3, 5 және 7 жастағы әпкелі-сіңілілер газдан уланып, өз үйлерінде қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде хабарланғандай, қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Сармолдаев ауылында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, таңертең анасы балаларды үйде жалғыз қалдырып, шаруаларымен кеткен. Қайтып келген кезде үйдің ішінде газдың өткір иісі сезілген. Қыздар ес-түссіз жатқан. Әйел дереу балаларды ауруханаға жеткізген, алайда, өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады — қыздар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмған», – делінген Instagram-да таралған хабарламада.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қайғылы жағдайды растады.

«Меркі ауданындағы тұрғын үйде үш баланың табиғи газдан улану салдарынан қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады департамент.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер