Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

1326
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/chasy_335246a709-960x500.jpeg?token=1a667b94f52be44a84afa8ed71f22bf9
21 сәуірден бастап Ақтөбе облысы әкімдігінің аппараты, облыстық басқармалар және Ақтөбе қаласы әкімдігі жаңа жұмыс кестесіне көшеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kazinform агенттігіне сілтеп. Ресми мәліметке сәйкес, енді жұмыс күні сағат 08:30-да басталып, 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс уақыты — 12:30-дан 13:30-ға дейін. Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары жаңа жұмыс уақытына көшкен болатын. Сонымен қатар, Астанада да жұмыс уақытын өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, жұмыс кестесін өзгерту таңғы және кешкі қарбалас сағаттарда жолдардағы көлік қозғалысын жеңілдетуге көмектеседі.
Комментарии