Ақтауда дүйім жұрт концерттен кейін алаңды жинап кетті

747
Adyrna.kz Telegram

«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» халықаралық шарасының ашылу салтанатынан кейін маңғыстаулық жүзден астам еріктілер мен коммуналдық қызметкерлері жағалаудағы алаңды жинап, қоқыстардан тазалап кетті.

Азаматтық жауапкершіліктің нағыз үлгісін тұрғындар да көрсетті. Олар тек концерт тамашалап қана қоймай, таза қаланы сақтауға атсалысуда.

Бұндай бастамалар халық арасында кең таралып жатыр. Айта кетейік, іс-шараның алғашқы күнінен бері еріктілер «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарды қаланы ластамауға шақырып, теңіз жағалауын артық заттардан тазалап келеді.

-Қаламыз үшін маңызды іс-шарада алыс, жақыннан қонақтар келетіні белгілі. Адам көбейген жерде қоқыс саны артып, теңіз жағалауы лезде ластанып жатады. Қонақтарды күтіп алу, көмек көрсетуден бөлек, үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы арқылы коммуналдық қызмет мамандарына қол ұшымызды создық. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырамыз! - деді ерікті Ислам Тілепов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер