Қарыз үшін зорлаған. Қостанай облысында блогер ұсталды

728
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Арқалық қаласында 35 жастағы блогер ретінде белгілі азамат зорлау фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті кейбір жәбірленушілерге қарызға ақша берген. Қарызын қайтара алмаған жағдайда, олардан интимдік қатынас талап еткен. Жәбірленушілер бұған келіспеген кезде, ол әйелдермен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен», – делінген полиция мәлімдемесінде.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленушілер арасында кәмелетке толмағандар жоқ.

Бірнеше арыз түскен соң, бұл әрекеттер жүйелі сипатқа ие екені белгілі болған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, блогер арнайы жасақтың көмегімен ұсталды. Қазіргі уақытта ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Күдіктіге 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер