Фотожурналист халықаралық байқауда "жылдың үздігі" атанды

571
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС. Михаил Терещенконың "Грузиядағы наразылық" фотосы
Фото: ТАСС. Михаил Терещенконың "Грузиядағы наразылық" фотосы

Халықаралық World Press Photo байқауының 2025 жылғы жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

Биыл 30 елден 42 фотографтың жұмысы үздік деп танылды. Жүлдеге ие болғандар арасында Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Германия, Франция, Италия және басқа да елдердің өкілдері бар.

Биылғы байқауға 141 елден 3778 фотограф 59 320 фотосурет ұсынған. Байқаудың жеңімпаздары әр аймақ бойынша (Азия, Африка, Еуропа, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Океания) үш номинацияда анықталды. Open Format номинациясы биылдан бастап алынып тасталды.

2025 жылғы жеңімпаздардың қатарында Ресейлік ТАСС агенттігінің фототілшісі Михаил Терещенко бар. Оның "Грузиядағы наразылықтар" атты фотожобасы "Фоторепортаж" (Stories) санатында үздік деп танылды.

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл жоба демократиялық ұстанымдар мен наразылық қозғалыстарының маңыздылығын көрсетеді.

Өткен жылдары украиналық фотожурналистер байқауда бірнеше рет жеңімпаз атанған болатын. Алайда биыл украиналық фотографтардың жұмыстары үздік деп танылған жоқ. Дегенмен, соғыстың салдарын бейнелейтін бірнеше жұмыс марапатталды.

Мысалы, неміс фотографы Флориан Бахмайер Украинадағы соғыс зардабын тартқан алты жасар Ангелинаның портретімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, неміс фотографы Нанна Хайтман Донбасстағы дала госпиталін суреттеген жұмысы үшін марапатталды.

Жүлдегерлер арасында белорус фотографы Татьяна Чипсанова да бар. Ол Жаңа Зеландиядағы маори халқы туралы ұзақ мерзімді жобасы үшін марапатталды.

Палестиналық фотограф Али Джадалла Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарын көрсеткен фоторепортажы үшін жүлдеге ие болды.

Барлық жеңімпаздардың жұмыстары World Press Photo дәстүрлі көрмесінде көпшілік назарына ұсынылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер