«Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей хаттары». Ғылыми еңбек Жапонияда басылып шықты

530
Adyrna.kz Telegram

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының “Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей хаттары” туралы жазылған көлемді ғылыми зерттеу еңбегі (452 б.) Жапонияда басылып шықты.

Бұл туралы тарихшы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Ғылыми зерттеу жұмысымды қолдаған Жапония Токио шетел тілдері университетіне, жұмыс орным Еуразия ұлттық университеті Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымына, әріптестеріме, сондай-ақ жапониялық тілектес ғалымдар мен достарыма айырықша алғыс айтамын. Әсіресе Токио шетел тілдері унивеситеті Азия және Африка тілдері мен мәдениетін зерттеу институтының басшылығына, қазақ тарихын зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нода Джин мырзаға алғысым шексіз”, деп жазды профессор.

Еңбек 4 тарау тұрады: Қазақ хандығы және оның жазба мұралары; Цин патшалығына жолданған дипломатиялық құжаттар; Қазақ хандығының Цин патшалығына елші аттандыруы; Дипломатиялық құжаттардың транслитерациясы, транскринциясы және қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы.

Айта кетейік, биыл “қазақ” атауының қайтарылғанына және “Қазақ хандығы” терминінің ғылыми айнслымға енгеніне 100 жыл. Кітаптың осындай дата құрметіне орай шығарылғаны атап көрсетілген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер