Авторы - жасанды интеллект. Италияда ерекше газет жарық көрді

396
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Guardian
Фото: The Guardian

Италиялық Il Foglio басылымы толықтай жасанды интеллект арқылы жазылған алғашқы газет нөмірін шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Guardian-ға сілтеп.

Редактор Клаудио Черасаның айтуынша, бұл ерекше тәжірибе жасанды интеллект технологияларының қазіргі журналистикаға қалай әсер ететінін көрсету үшін жасалған.

"Бұл әлемдегі алғашқы күнделікті газет, оны толығымен жасанды интеллект жазды: мақалалар, тақырыптар, тіпті пікірлер мен сарказмға толы дәйексөздер де жасанды интеллекттің жұмысы", — деді Чераса.

Арнайы шығарылым 18 наурызда жарық көрді және төрт беттен тұрады. Ол қағаз және онлайн нұсқада қолжетімді.

Бұл басылымда дәстүрлі журналистикаға тән терең талдау, сұхбаттар мен жеке пікірлер жоқ. Жасанды интеллект тек фактілерді ұсынумен шектелді. Журналистер тек нейрондық желіге сұрақ қойып, оның жауаптарын тексеріп отырды.

Чераса бұл эксперименттің жаңалықтар жасауда жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін бағалауға көмектесетінін атап өтті.

Айта кетейік, биыл Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы жоспарланып отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер