Украина әскери жағдай режимін 90 күнге ұзартты

1000
Adyrna.kz Telegram
Фото: president.gov.ua
Фото: president.gov.ua

Украина президенті Владимир Зеленский елде әскери жағдай режимі мен жалпы мобилизация мерзімін 90 күнге – 9 мамырдан 6 тамызға дейін ұзарту туралы заңға қол қойды. Бұл туралы бүгін украиналық БАҚ заң жобаларына (№13172 және №13173) сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«РБК-Украина» онлайн-басылымы еске салғандай, Ресей соғысты бастағалы бері Украинада әскери жағдай мерзімі 15-рет ұзартылып отыр. Тиісті заң жобаларын Зеленский Жоғарғы Радаға 15 сәуірде жолдаған. Ал келесі күні, 16 сәуірде, парламент оларды қабылдады.

Әскери жағдай режимі Украина билігіне бірқатар шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.

«Оның әрекеті кезінде ел ішінде еркін жүріп-тұруға және көлік қозғалысына – Украина азаматтарына да, шетелдіктерге де – шектеу қойылуы мүмкін», – деп жазады «РБК-Украина».    

Сонымен қатар, мемлекет белгілі бір санаттағы азаматтар үшін еңбек міндеткерлігін немесе қоғамдық пайдалы жұмыстарды енгізе алады. Әскер қажеттілігі үшін мүлікті мәжбүрлеп тартып алуға да рұқсат беріледі.

Бұдан бөлек, әскери жағдай кезеңінде елде Украинаның егемендігіне қауіп төндіретін саяси партиялардың қызметіне тыйым салу, митингілер мен жаппай шаралар өткізуге шектеу қою қарастырылған.

Әскери жағдай режимінің күшінде болуына байланысты Украинада 2024 жылға жоспарланған президент сайлауы өткізілген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер