Ресейдің Жоғарғы соты тәліптерді лаңкестік ұйымдар тізімінен алып тастады

985
Adyrna.kz Telegram

Ресей Жоғарғы соты “Талибан” қозғалысының елдегі қызметіне тыйым салуды тоқтатып, радикалды ағымды террористік ұйымдар тізімінен алып тастады. Осылайша, Жоғарғы сот Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының шағымын қанағаттандырды. Бұл туралы РБК жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылымның нақтылауынша, шешімді судья Олег Нефедов жариялаған отырыс жабық режимде өткен, сондықтан талап-арыздың егжей-тегжейі белгісіз. Тек журналистерге сот шешімі дереу орындалуы тиіс екені айтылған.

Айта кетейік, «Талибан» 2003 жылдан бері Ресейдің террористік ұйымдар тізімінде болған. Ол кезде бұл ұйымның Шешенстандағы заңсыз қарулы құрылымдармен байланысы бар деп көрсетілген және террорлық әдістерді қолданатыны айтылған. Сондай-ақ, қозғалыс Усама бен Ладеннің қолдауымен Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда билікті басып алуға ұмтылғаны туралы мәліметтер болған.

Алайда енді Жоғарғы сот «Талибанды» қара тізімнен алып тастады. РБК-ның мәліметінше, бұл — өткен жылы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» федералдық заңға енгізілген түзетулерден кейін мұндай мәртебеге ие болған алғашқы ұйым. Бұл түзетулерге сәйкес, егер ұйым терроризмді насихаттау, ақтау, қолдау немесе осындай қылмыстарды жасауды тоқтатса, оның қызметіне тыйым салу сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін. Инициатива авторлары бұл механизм заңдағы олқылықты жою үшін қажет деп түсіндірген.

Өткен жылдың қарашасында, бұл заңнамалық түзетулер қаралмай тұрып, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың Ауғанстанның вице-премьері Абдул Ғани Барадар Ахундпен келіссөз жүргізгені хабарланған. Келіссөз барысында ресейлік саясаткер Ресей Ауғанстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін және «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығару жоспарлары бар екенін, бұл саяси және экономикалық байланысты нығайтуға бағытталғанын айтқан.

Еске салсақ, 2003 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі «Талибанды» террористік ұйымдар тізіміне енгізген. Сол жылы Ресей де қозғалысты осындай тізімге қосқан болатын.

2021 жылдың тамызында «Талибан» Ауғанстанда билікті басып алды және содан бері халықаралық мойындауға қол жеткізуге тырысып келеді. Сол жылдың қазанында Ресей президенті Владимир Путин «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығару мәселесі қарастырылып жатқанын, бірақ бұл қадамды алдымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жасауы керек екенін айтқан.

Сол кезде Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері бойынша екінші департаментінің директоры Замир Кабулов ресейлік билік тарапынан қозғалысты «де-факто» тану процесі жүріп жатқанын мәлімдеген. Тыйым салынған қозғалыс өкілдері Ресейге іскерлік және жеке сапарлармен тұрақты түрде келіп жүрген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер