«Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау ауданында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде бүгін болған қайғылы оқиға туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
№57 шахтада тауарлы-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) түсіру кезінде 1994 жылы туған жұмысшы жүк көтеру шахтасының өткел алаңына құлап кеткен.
Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы мен жауапкершілігін анықтау үшін арнайы комиссиялар құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.
Марқұмның отбасына ұжымдық шарт аясында қарастырылған барлық қажетті көмек, оның ішінде жерлеу рәсіміне қатысты шығындар өтелетін болады.