Шекарадан өтпек болған. Іздеуде болған экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды

1239
Adyrna.kz Telegram
Фото: 716.kz
Фото: 716.kz

Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Садуақасов Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық пен пара беруге итермелеу ісі бойынша күдікке ілінген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимылда халықаралық іздеуде жүрген Садуақасов Т. Х.-ны Қазақстан аумағына экстрадициялады», – делінген ресми мәлімдемеде.

25 ақпан күні Тимур Садуақасов Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бекетінде ұсталып, ҚМА қызметкерлеріне тапсырылды. Одан кейін ол Шымкент қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада күдікті Павлодарға этаппен жеткізіліп, қылмыстық істі мамандандырылған ауданаралық сот қарайтын болады.

Бұған дейін Тимур Садуақасов 90 миллион теңге көлемінде пара алу ісіне қатысты мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Өзбекстанға қашуға әрекет жасаған кезде ұсталғаны белгілі.

Еске салсақ, 7 ақпанда Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Садуақасовқа іздеу жарияланған болатын. Кейіннен оның аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені және лауазымды тұлғаларды пара алуға итермелегені анықталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер