Көктемгі егіс, су тасқыны, жылыту маусымы. Премьер-Министр Президентке есеп берді

957
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру шаралары жөнінде есеп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында экономиканы әртараптандыру, нақты сектордағы ірі бағдарламаларды қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды.

Президент бұған дейін осы бағытта берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

Премьер-Министр жылыту маусымының өту барысы, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, сондай-ақ су тасқынына қарсы алдын алу шаралары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке инвестицияларды тарту және бизнесті дамыту мақсатында басқарудың заманауи цифрлық тәсілдерін енгізу бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және әртараптандыру жұмыстарын жандандыру жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағытында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер