Мемлекет есебінен микротия және атрезиясы бар балаларға есту аппараттары сатып алынбақ

1668
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтің мәлімдеуінше, енді микротия және есту жолының атрезиясы бар балалар мемлекет есебінен есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

Депутат 2023 жылы есту қабілеті бұзылған балаларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін көтерген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда төртінші дәрежелі кереңдігі бар балалар ғана мүгедектік алып, мемлекеттен тегін есту протездерін алу құқығына ие. Ал қалған үш санаттағы балалар мұндай көмектен шет қалып келген.

"Бұл мәселені бірнеше рет талқылап, дөңгелек үстелдер өткіздік. Ата-аналармен кездескенде, олардың есту аппараттарын сатып алу үшін несие алуға мәжбүр болғанын білдік. Сонымен қатар, мұндай балалар жиі буллингке ұшырап, мектепке барудан бас тартқан жағдайлар да кездесті. Осы мәселемен екі жыл бойы айналысып, нәтижесінде микротия және атрезия диагнозы қойылған балалар мен ересектерді жергілікті бюджет есебінен есту аппараттарымен қамтамасыз ету нормасын енгіздік", – деді депутат.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер