Қазақ тазысы ресми түрде патентке ие болды

1485
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Республикалық «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі мен аңшылық шаруашылықтары қауымдастығы қазақ тазы ит тұқымының ресми патент иеленушісі атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлттық зияткерлік меншік институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақ тазысының» патент иеленушісі – республикалық «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылықтары қауымдастығы. Жалпы, селекциялық жетістікке патент жаңашылдық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлеріне сәйкес болған жағдайда беріледі. Селекциялық жетістікке патентпен қамтамасыз етілетін құқықтық қорғаудың көлемі тұқым сипаттамасына енгізілген белгілер жиынтығымен анықталады», – делінген хабарламада.

Патент 2021–2023 жылдары Генетика институтымен бірлесіп жүргізілген зерттеулер негізінде берілді. Қазақ тазысының климаттық жүктемелерге жоғары төзімділігі, жүйке жүйесінің ерекше тұрақтылығы және курсинг секілді спорттық жарыстардағы ерекше көрсеткіштері анықталды.

«Иттердің жүгіріс кезіндегі жоғары жұмыс қабілеті мен жүрісінің тұрақтылығы олардың жүйке жүйесінің функционалдық жағдайына тікелей байланысты. Қазақ тазысының жоғары жүйке қызметінің ерекше тұрақтылығы оны басқа тұқымдардан айрықша етіп көрсетеді. «Қазақ тазы» тұқымының иттері механикалық қоянға жүгіретін курсингте, сондай-ақ осы тұқымның иттеріне арналған жарыстар мен сынақтарда жоғары нәтижелер көрсетеді», – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қауымдастық өкілдері жыл сайын ел бойынша иттердің тұқым стандарттарына сәйкестігін бағалау үшін асыл тұқымды көрмелер ұйымдастырады. Тазы иттері кез келген климаттық жағдайға – қыстың қатал суығынан бастап оңтүстіктің аптап ыстығына дейін оңай бейімделе алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер