Қазақ тоқалды талқыласа, Еуропа ел мәселесін..

699

АҚШ президентінің зайыбы Элеонора Рузвельттің қашанда маңыздылығын жоғалтпаған және жоғалтпайтын өзім керемет жақсы көретін бір сөзі бар.

"Ақыл санасы төмен, таяз адамдар - адамдарды талқылайды" дейді екен Элеонора. Күнделікті өсек дегені ғой енді... Осы фейсбукте де көп олар, гу - гу сөз тасып, жұрттың сөзін скриндеп ел мен елді шаптап қатар қондырмай... Ел ішін алатайдай қылып, өсектен ауыздары босамайды...
Меніңше, біздің "Нұрғали Нүсіпжанов жас келіншекке үйленіпті", "Қарақат Қыдырәліге тоқал алып беремін депті" деген күнделікті тақырыптар осыларға арналған сияқты...
Рузвельт ары қарай былай дейді... "ақыл санасы орташа адамдар - күнделікті жаңалықтарды талқылайды" дейді.
Бұл категорияға меніңше "ұлттық кеңестің жұмысы басталды", "назарбаевтың сиырлары" тағы басқа бірқатар саяси - әлеуметтік тақырыптар кіреді екен және осыны біздің қоғамдық белсенділер, көзі қарақты сауаты біршама адамдар талқылап кәдімгідей қызып қалады екен..
Элеонораның үшінші категориясы - "ой санасы кең, өресі биік адамдар - ұлы идеяларды талқылайды" дейді екен.
Менің ойымша, бізде бұндай адамдар жоқ, бар болса да ілуде біреу.
Себебі, осындағы фейсбуктың қазақстандық контентінде өзім қызығып оқитын, осыдан тағылым ала қояйын деп нұсқап көрсететін адам жоқ екен.
Орыстілді қазақтардың арасында да жоқ, олардың жазғыштарының ойлары, идеялары көбінесе Ресейдегі орыстың ойшылдарымен үндес боп келеді немесе солардан шыққан таза көшірме боп жатады. Сондықтан мен мында біздің орыстілді қазақтардың жазғыштарын ешқашан оқымаймын, өзіме керекті ақпар мен көзқарасты, аса қажет боп жатса Ресейдегі түпнұсқадан ана жаққа тіке шығып, қарап, оқып танысып жатамын. Ал ол жақта тәп - тәуір ойшылдар мен жазғышбектер жетеді, оны мойындаймын.
Бізге жақсы ойшылдар керек екен.

 

 

Олжас ӘБІЛ

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер