ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ЖАРҚЫРАП, ЖАЙНАЙ ТҮСУДЕ (Фотореп)

358

Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, тұрғындардың тұрмыс деңгейі көтеріліп жатыр.  Мәселен өңірдің Жамбыл ауданында жаңадан зауыттар іске қосылып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Сондай-ақ ауданның ауыл шаруашылық саласында ауыз толтырып айтар жетістіктер жетерлік.

 

Жамбыл ауданында жоба құны 1 725,0 млн теңге болатын құрылыс гипсін өндіретін «КазУпакТрейд» ЖШС зауыт жұмыс жасайды. Зауыт жылына 180 мың. тонна немесе тәулігіне 450-500 тонна құрылыс гипсін және 100 мың. текше метр гипсокартон өндіреді. Бүгінде аталған зауытта 50 адам еңбек етіп жатыр.

 

 

Жаңа оқу жылында ауданға қарасты Ақбастау ауылдық округінде 140орындық жаңа мектеп ашылады.

 

 

 

 

Индустриалдық инновациялық даму Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде Аймақтық индустрияландыру Картасына енгізілген «Аса DAMU» ЖШС-нің Құс фабрикасы жұмыс істейді. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 550  млн. теңге болатын фабрикада 95 адам еңбек етіп жатыр.

 

 

 

Қаратөбе ауылдық округі «Амангелді» кооперативінде жоба құны 740 млн. теңге болатын «Kaz Frults Line» ЖШС-нің жеміс-жидек сақтайтын қоймасы пайдалануға берілді. 36 адам жұмыс істейтін қоймада 2 мың тонна алма,  2 мың тонна көкөніс сақталады. Жеміс-жидектің сапасы жақсы әрі оның бағасы нарық бағасынан әлдеқайда төмен болады.

 

 

Шайқорықта ауылында «Қасфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіровтың демеушілігімен спорт алаңшасы ашылды. Еңбек ардагері Манас Оразбаев атындағы ұзындығы 44, ал ені 24 метр болатын спорт алаңшасы балалардың бас қосатын орнына айналды.

 

 

 

Жамбыл ауданының тұрғыны Айжан Оңласынова «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының»  Жамбыл облысындағы филиалынан қой шаруашлығын дамыту үшін «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 12 млн теңге несие алды. Аталған қаржыға «Айжан» шаруа қожалығы 360 бас саулық қой, 12 бас қошқар сатып алды.

 

 

 

Жоспар бойынша аудан дихандары 1500 гектар жерге жүгері егуі керек болатын. Алайда шаруалар 1672 гектарға жүгері егіп, жоспарды 111,5 пайызға артық орындап отыр.

 

 

 

 

Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі 2000 гектар жерге бидай егуді жоспарлаған болатын. Алайда дихандар 2 101 гектарға бидай егіп, жоспарды 105,1 пайызға артық орындады. Сондай-ақ 2000 гектар жерге күздік бидайды егуді жоспарлап отыр.

 

 

 

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер