Ұлы Даладан - Мәскеуге салт аттылар шеруін ұйымдастырайық

4150
Adyrna.kz Telegram

#ҚР_ПремьерМинистріне. #ҚР_СІМ.

Ресейлік байкерлерге жауап визит ретінде, Алтын Орданың 750-жылдығы құрметіне Ұлытау-Мәскеу маршруты бойынша атты шеру ұйымдастыруға Ресей үкіметімен келісуді сұраймын.

Шерудің мақсаты тарихи әділдікті қалпына келтіру болмақ.

Шеру Ұлытаудағы қазақ хандарының ордасы, атап айтқанда Мәскеуге бірнеше рет барған Тоқтамыс ханның, Едіге сұлтанның және кезінде құрамында Ресей де болған Жошы ұлысының жерінен, Шыңғысханның ұлы Жошының Сары Кеңгірдегі қорымынан басталады.

Кезінде Алтын Орданың Русьтегі феодальдық өзара қырқыстарды тоқтатып, орталығы Мәскеу қаласы болған біртұтас орыс князьдығын құрғандығын, ол елге тыныштық сыйлап, өркениетті елдер қатарына қосқандығын ескере отырып, аталған шерудің Орданың 3 ғасыр бойы протектораты болған Ресей мен Орданың қазіргі тікелей мұрагері, Жошы ұлысының әкімшілік орталығы орналасқан Қазақстанмен тарихи, экономикалық және саяси байланысын нығайтуға қызмет етеді деп есептейміз.

Бұл шеру бір кездегі біртұтас та құдыретті Орданың халықтары арасындағы достық көпірін нығайтуға қызмет ететін кезекті бір звено болады, еуразиялық интеграцияның мүддесіне қызмет ететін болады.

Шерудің соңғы аяқталатын жері – Мәскеу, Қызыл Алаң.
Аталған мәлімдемені ресми сұрау хаты деп түсінуді және оған заңнамаларда көрсетілген мерзімде жауап беруді сұраймын.

Белсенділер тобының хатшысы, Margulan Boranbay.
23.08.2019 ж. Алматы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер