Төл міндетін мінсіз атқаратын ару

561

Заман талабына сай реформаларды жүзеге асыра отырып, Қарулы Күштеріміздің барлық салаларында кіші буын командир саналатын келісім-шарт қызметіндегі сержанттар санатының мәртебесі артуда.
Білікті сержанттардың ішінде Отан қорғау сапында жүрген қыз-келіншектер қаншама. Саналы ғұмырын тәртібі қатан әскери қызметке арнаған сондай тәжірибелі мамандардың бірі - Құрлық әскерлері Әскери институтының материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының техникамен қамтамасыз ету бөлімінің аға маманы-жауапты орындаушы кіші сержант Шолпан Анисова.
Кіші сержант Анисова ұжымына сыйлы, ісіне адал адам. Әрқашан өз білімін тәжірбие жүзінде шыңдап, біліктілігін көтеруге көптеген жұмыс жасайды.


Әріптестері Шолпанды өз ісіне өте ұқыпты, жауапты қарайтын сенімді серік, күндіз-түні аянбай қызмет етіп, бөлімінің қажетті құжаттарын дер кезінде даярлап, өзінің еңбекқорлығымен ерекшеленіп жүрген тұлға дейді.
Кіші сержант Анисова Құрлық әскерлерінің Әскери институтының қоғамдық өміріне де, мәдени-демалыс шараларына да белсене қатысудан жалықпайды. Институтта өткізілетін концерт, спорттық жарыстар, интелектуалдық ойындар, вокалдық конкурстардың бәріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүреді. Жақында институттың мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен әскери қызметшілердің арасында өткізген «Екі жұлдыз» байқауында Шолпан Анисова Ресей эстрадасының танымал «Любэ» рок тобының «Комбат» әнін шебер орындап, тамаша вокалдық қабілетінің арқасында жеңімпаз аталды.
Сонымен қатар кіші сержант Анисова институттың тұрғын үй комиссиясының хатшысының міндетін неше жылдан бері мүлтіксіз атқарып келеді. Шолпан сержанттар мен офицерлерге баспанамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын сапалы жүргізе біледі. Өзіне жүктелген жұмыстарды атқаруда кәсібилік пен тиянақтық танатып, әріптестеріне үлгі болатын әскери қызметші.
-Күнделікті атқарып жүрген қызметіміздің өте жауапты да маңызды екендігін жақсы білемін. Сондықтан да төл міндетімізді мінсіз атқаруға бар күш-жігерімізді аямай жұмсаудамын, дейді кіші сержант Шолпан Анисова.


Егемен еліміздің тәуелсіздігінің баянды болуына, қауіпсіздігінің нығая түсуіне ел қатарлы өз үлесін қосқан аруымыздың қазірде ұлы Айбат әскери мектеп-интернатына оқып білім алуда, ал қызы Азиза Құрлық әскерлері Әскери институтында құрылға әскери-патриоттық «Жас ұрпақ» клубының тәрбиеленушісі. Айбат пен Азизада Алматы қаласында өткен бар әскери-патриоттық ойындарына белсенді қатысып жүреді. Мысалға, былтыр Азиза Алматы қаласының әскери-патриоттық клубтарының арасында өткізілген «Әскер реиз» атты спорттық ойында 1 орын алып анасын қуантқан. Сонымен қатар Азиза институттың мәдени демалыс орталығында әскери қызметшілердің қабілетті балалары қатысатын «Болашақ» тобының әншісі.
Осындай перзенттеріне тәлімді тәрбие беріп, балаларын аналық мейіріммен демеп, шаңырақтың шырайын келтіріп отырған Шолпан Анисоваға алғысымыз шексіз.

Аида Бектурова
Құрлық әскерлері Әскери институты
баспасөз қызметі, сурет автордікі

Пікірлер