Серікжанға әдейі Шахановты қарсы қойып отыр!

510

Құрметті Қазақ Елі! Апталдай екі азаматтың арасындағы әңгіменің нүктесі қойылатын кез баяғыда келген еді. Десе де мұның осындай қоғамдық деңгейде талқылануы ұлттық қауіпсіздігімізге зияны тие ме деп ойлаймын! Серікжан да, Мұхтар Шаханов та батыр азаматтар, екеуі де ұлттың мүддесі үшін күрескен тұлғалар, әділдік үшін жан аямас асыл тұлғалар! Серікжан қытайдағы қандастардың мүддесі үшін шындықты әлемге жайып қазақ мүддесін қорғаса, Мұхтар аға сонау 1986 жылғы желтоқсан қозғалысының шындығы үшін күресіп бүгінге дейін ұлттың мүддесін қорғаумен келеді. Айналып келгенде екеуінің де мүддесі ол Қазақ мүддесі, тәуелсіздікті сақтау... Шаханов Серікжан туралы былай айтты деген бейне, аудиожазба болса көрсетсінші маған?! Менің өзімнің жеке пікірім: Серікжанды кінәлап, тұншықтырып, қоғамға теріс қылып көрсету үшін жасалған жалған жала, дәлелсіз айып деп білемін. Серікжанға қарсы пікірлер мен посттар да бар. Меніңше6 Серікжанды қаралап, ол туралы жалған ақпарат таратып, жазықсыз кінәлау тарихи қателік. Осындайға барған арандатушы топтар бар екені рас. Екіншіден, Серікжанның оқиғасы арқылы халықтың арасына от салып, қоғамды екіге жарып, бір-біріне жау қылу әрекеті ма деп те ойлаймын. Қоғам бір тұтас берекеде болуы кімге қауіпті? Сол жағын да ойлаған дұрыс.
Тектідікті жоғалтпай, әр өсек аяң мен жалған жалаға ермеген дұрыс. Қоғам біртұтас болса ғана мемлекет мықты болады. Бөлінбейік! Кешегі көне Түркі бабаларымыз Күлтегін, Бұмын қағандар: "Сенің күшің бірліктер ғана" деген жоқ па? Бабалардан асып туа алмаспыз. Олардың мүддесі сыртқы жауға төтеп беру үшін мықты мемлекет қалыптастыру болатын. Және олар қалыптастырды. Сыртқы жау қытайға қарсы тұра алды. Алтын Орда, Қазақ хандығы не үшін ыдырады? Ауызбірлік пен берекенің болмауынан емес пе еді??? Қан мен тер арқылы қол жеткізген тәуелсіздігімізді берік ұстайық! Ұрпақ үшін, Ел үшін деген киелі сөзді ұмытпайық! Келешекте мемлекеттің мықты болуы, ұлттық құндылықтардың сақталуы - ол, бүгінгі баршамызға байланысты. Бөлінбе, Қазағым!!!

Қалқаман Абдрахманұлы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер