Қайрат Боранбаевтың жаңа футбол клубын ашатыны айтылды

1571
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Metaratings.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сайттың мәліметінше, клуб Almaty United деп аталмақ.

«Жаңа клуб ашудағы басты мақсат — Қайрат Боранбаев басқаратын «Қайрат» футбол клубының академиясынан шыққан түлектерді ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету. Спортшылар өз алаңындағы матчтарын «Қайрат» академиясы нысандарының бірінде өткізеді»,—деп жазды басылым.

Клубтың бас директоры қызметін «Қайраттың» экс-директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы атқарады.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Қайрат Боранбаевты квазимемлекеттік сектордан ақша жымқырғаны үшін сегіз жылға сотталған еді. Кейінірек екінші сатыдағы сот оның мерзімін екі жылға қысқартты. Сол кезде Алматы әкімі Ерболат Досаев бизнесмен иелігіндегі «Қайрат» футбол клубының әкімдік меншігіне берілмейтінін мәлімдеді.

2023 жылдың 6 қарашасында Ішкі істер министрлігі Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шыққанын хабарлады. Биылғы жылдың маусымында кәсіпкер қайтадан Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер