Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты

1130
Adyrna.kz Telegram
Сурет: kapital.kz
Сурет: kapital.kz
Алты жылға сотталып, кейін жазасы жеңілдетілген Қайрат Боранбаев бүгін бостандыққа шықты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Назарбаевтың бұрынғы құдасының жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Енді Боранбаев пробация қызметінің бақылауында болады.

Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталушы Қайрат Боранбаев 6 қарашада бас бостандығынан айыру орнынан босатылды және тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына жіберілді, - делінген хабарламада.

Үкімді ауыстыру кезінде келесі мән-жайлар ескерілді:
  • сотталған адам жаза мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеді;
  • мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеп, тергеуге көмектесті және ісіне өкінеді;
  • қамауда ұстау кезінде оған оң сипаттама берілді.
Пікірлер