Алматыда банк тонамақ болған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

1011
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9073-960x500.jpeg?token=f192c44898a953535d8ca8004fe76320

Алматыда полиция банктен ақша ұрламақ болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін, 12 мамырда Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған»,— деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

«Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды»,—деп толықтырды Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

https://youtu.be/I_dwrlGR-Zw?si=w2lPNJngaGL-q-be
Комментарии