Бөпелі бала. Павлодар облысында 12 жасында ана атанған жасөспірімнің жағдайы баяндалды

4306
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында зорлық-зомбылық құрбаны болған 12 жастағы қыздың босануы қалай өткені белгілі болды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Белгілі болғандай, 12 жастағы мектеп оқушысы кесарь тілігі арқылы босанып, қазір сәбиімен бірге ауруханада жатыр.

Павлодар облысының балалар омбудсмені түсіндіргендей, кәмелетке толмаған қыз тәрбиеленіп жатқан көп балалы отбасы Қазақстанға төрт жыл бұрын көшіп келген екен.

«Көшіп келгеннен кейін ата-анасы қазір тұрып жатқан жерлерінде тұруға рұқсат алды. Сонан соң олар жергілікті мемлекеттік органдардың және мектептің бақылауында болды және әлі де бақылау назарында», - деді Павлодар облысының балалар омбудсмені Сәуле Шәкенева Tengrinews.kz тілшісіне.

Сәуле Шәкенева кәмелетке толмаған бала мен оның сәбиіне көмек пен қолдау көрсетудің барлық мүмкіндіктерін қарастыру үшін отбасы тұратын ауданға барған.

«Жасөспірім қыз жүктілігін анасынан кең киім киіп жүріп жасырып қалған, қыздың өзі оған айтудан қорыққан. Күдікті де кәмелетке толмаған, қыздың 17 жастағы туысы болып шықты. Тергеу жалғасуда», - деп қосты Павлодар облысының балалар омбудсмені Сәуле Шәкенева.

Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, кәмелетке толмаған қыз жүктілік кезінде үнемі бақылауда болған. Мектеп оқушысының келбетіндегі өзгерістерді байқаған мұғалімдер дәрігерлерге хабарласқан. Жүктілігі расталғаннан кейін қыз жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызылды.

«Қыздың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ екеніне, ұрықтың дамып өсуінде бәрі жақсы екеніне көз жеткізіп, он күн бойы бақылаудп ұстап, анасының жетектеуімен алғашқы медициналық бақылауға шығардық. Ол бізге 34-ші аптада УДЗ скринингіне келді, қарадық, ұрық жүктілік мерзіміне сәйкес дамып жатты, ешқандай ауытқулар жоқ, бәрі дұрыс, содан кейін кәмелетке толмаған қыздың денсаулығын қадағалауды әрі қарай жалғастырдық», - деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.

Дәрігердің пікірі Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы толғағы басталған кәмелетке толмаған баланы перинаталдық орталыққа жеткізген.

"Қыз балаға жедел түрде ота жасалды. Салмағы 3360 келі қыз бала дүниеге келді. Қазір анасы мен сәбиі уақытша жасанды тамақтандыруда және жасөспірім-ана мен баласы да өзін жақсы сезінеді. Қызметкерлер оған бала сияқты қарайды және барлық жағынан көмектесуге тырысуда», - деп түсіндірді Высоцкая.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 23 шілде күні 12 жастағы оқушы қыз зорлық құрбаны болып, ана атанғанын жазған едік.

Бұрын хабарланғандай, оқушы қыздың жүкті екені жұртқа жайылған соң, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланып, мектеп директоры өз еркімен қызметінен кеткен болатын.

«Мектеп директоры зейнеткер болғандықтан, онымен еңбек шарты бір жылға ұзартылды, ол өз еркімен еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыстан босатылды. », - деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.

Пікірлер