Павлодарда 12 жастағы қыз босанды. Мектеп директоры жұмыстан шықты

2882
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы босанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаға ұстатарлық жағдай Павлодар облысының ауылында болған. Қыз бала перинаталдық орталықта босанған.

Павлодар облысы Білім басқармасы мәліметінше, 12 жастағы оқушы қыз баланы дүниеге әкелген. Келесі айда сәбидің анасы 13 жасқа толады. Білім басқармасы кәмелетке толмағандардың жүктілігін мұғалімдер бірінші болып байқағанын айтады.

"Мектеп директоры арыз жазып, өз еркімен жұмыстан кетті, аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.

Мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалған. Балалар омбудсмені бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қылмыстық іс өндірісте. Қазіргі уақытта сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Зәкиева.

Жаңа туған нәресте қазір анасының жанында екені анықталды.

Пікірлер