"Еуропадан шақыру күтіп отырмын". Депутат денсаулығы жайлы ақпаратқа пікір білдірді

2084
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи денсаулығына байланысты тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

БАҚ беттерінде депутаттың “уланғаны” туралы ақпараттар тарауда. Кейіннен Ермұрат Бапидің шекара асып, Еуропаға ем алуға кеткені туралы дерек жарияланған.

Алайда депутаттың өзі бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Мен әлі ешқайда кеткен жоқпын, мен Еуропадағы клиникадан шақыру күтіп отырмын. Айтылып жатқанның бәрі болжам. Үш-төрт күн бұрын мен Facebook-те қолымның ісінген фотосуреттерін жарияладым, содан кейін олар мені басқа жаққа емге алып кетті деген әңгіме басталды», - деді Бапи бейсенбі күні ҚазТАГ редакциясына берген жауабында.

Депутат қолының ісіну себептерін анықтау үшін барлық медициналық тексерістен өткенін айтты. Алайда сынамалар ісіктің неден пайда болғанын анықтай алмаған.

Депутат еуропалық клиникалардың біріне де талдаулар жіберген. Оның сөзінше, депутат шетелдік ауруханадан шақырту күтіп отыр.

«Жалпы, мен өзімді жақсы сезінемін, қазір шипажайдамын, демалыстан кейін өз сайлаушыларымның мүддесі үшін жұмысты жалғастыруға ниеттімін – бәрі жақсы, алаңдайтын ештеңе жоқ», - деп атап өтті Бапи.

Бұған дейін, депутат белгісіз диагнозбен ауырғаны туралы айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер