Мәжіліс депутаты "белгісіз диагнозбен" ауырғанын хабарлады

1933
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/bapi-960x500.jpg?token=8780bf7ac67aeb641f22ce22b61e47cd
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сырқаттанып қалды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!", - деп жазды төменгі палата депутаты.
“Адырна” ұлттық порталы депутатқа хабарласып, жағдайын сұрағанда, “қазір жаман емес, бір қалыпты” екенін айтты.
Ермұрат Бапи - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің VIII шақырылымның депутаты. Ол оған дейін "ДАТ – Общественная позиция" газеті бас редактордың кеңесшісі, бас редакторы болды.
Комментарии