Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды

1182
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Сенат депутаттары "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Заңға сәйкес Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру қарастырылған.

Сонымен қатар, қабылданған заңда тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар, Түркістан қаласының археология және инфрақұрылым ескерткіштерінің резерватына қатысты нормалар айқындалады.

“Атап айтқанда, құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде сәулет келбеті бойынша олардың тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді деп көзделеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді”, – деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер