Қырғызстан қазақстандық олигархқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты

734
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰҚМК
Сурет: ҰҚМК

Қырғызстанның арнайы қызметі ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінген қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеуді тоқтатты. Бұл туралы бүгін, 20 маусымда елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджерінің Бішкекте екені белгілі болды.

«19 маусым күні құзырлы органдар Жұманбаевтың қатысуымен жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде оған тағылған айыптар алынып тасталды. Кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі өндіріс тоқтатылды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, 5 маусымда Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық бизнесмен, «Kazakhmys Holding» ЖШС-ның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жариялады. Миллиардер қырғызстандық бірлескен қылмыстық ұйым мүшесі Асанбек Көлбаевтің жұмысын қаржыландырды деген күдікке ілінген еді. Сол күні холдингтегілер Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Forbes ақпаратына сүйенсек, Владимир Жұманбаев Қазақстандағы ең дәулетті адамдар тізімінде 25-орында тұр. Оған «Алтын Алмас» АҚ 20% тиесілі. Сондай-ақ, «Қаражыра» АҚ 20%, «Бенкала» тау-кен компаниясы, «Ronson-2000» ЖШС және «Vertex Holding» тиесілі.

Пікірлер