Министрлік елдегі су тасқынына қатысты тың мәлімдеме жасады

1628
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы су тасқыны туралы соңғы жайттарды мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Республикалық штабтың бақылауында 7 облыс бар, олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары», - делінген хабарламада.

30 наурыз сағат 12.00-ге дейінгі қорытынды бойынша:

  • Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұланның 6 мыңнан астам адамы, 3 мың техникасы мен 12 ұшағы жұмылдырылған.
  • 7783 адам, оның ішінде 2800 бала құтқарылып, эвакуацияланды.
  • 3131 адам, оның ішінде 1093 бала уақытша орналастыру орталықтарында.
  • 644 адам, оның ішінде 236 бала Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұлан ұшақтарымен құтқарылды.
  • Қажетті жерлерге 300 мыңнан астам қап пен 45 тонна инертті материал төселді.
  • 3,5 млн м3 астам еріген су сорылды.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер