Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі іске қосылды

1019
Adyrna.kz Telegram
Фото: preminister.kz
Фото: preminister.kz

Елімізде су тасқынын болжау жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Бұл туралы бүгін, 18 ақпанда Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді",- делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.

"Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді", деді Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Министр Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз.

"Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады",- деп нақтылады ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер