Тасқын салдарынан. Ақтөбе облысында автожол жабылды

266
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны салдарынан «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының бір бөлігі су астында қалды. Осыған байланысты 2025 жылғы 18 наурыз сағат 07:00-ден бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, су деңгейінің көтерілуі Жем өзені көпірінің маңындағы айналма жолдың шамамен 100 метрлік бөлігін су басуына алып келді. Су биіктігі 50 см-ге дейін жеткен. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қандыағаш қаласы мен Ембі қаласы арасындағы 3-92 шақырым аралығында көлік қозғалысы тоқтатылды.

Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайы мен жолдардың ашықтығы туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.

Жергілікті билік пен құтқару қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, су деңгейі тұрақталғаннан кейін жол қайта ашылады. Әзірге тасқынға байланысты Ақтөбе облысында басқа да учаскелерде жолдың жабылу қаупі бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер