Павлодар облысында бүтін бір ауылды топан су басуы мүмкін

870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-үjler-960x500.jpeg?token=e8abca0afe3864e220b5c516817fd0eb

Павлодар облысының Шолақсор ауылын су басуы мүмкін. Бұл Pavlodarnews.kz басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, Сілеті су қоймасын әуеден тексерілді.

Әуеден бақылау Сілеті су қоймасына құйылатын және ағып шығатын сулардың ағынын ескере отырып, жиналған судың көлеміне талдау жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда су қоймасында жиналған судың көлемі 201 млн текше метрді немесе 87% құрайды.

Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберілетін судың ұлғаю қаупіне байланысты биылғы

су тасқыны маусымында Шолақсор ауылын су басу мүмкін деген қауіп бар.

Барлық су басу қаупі бар учаскелер тексеріліп, Сілеті өзенінде санитарлық су жіберу дайындығы, сондай-ақ, барлық су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін келген күштер мен азаматтық қорғау қызметі топтарының дайындығы зерделенді.

Айта кетейік, аймақ аумағында су тасқыны кезеңіне тәулік бойы бақылау жүргізілуде, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Комментарии