Министрлік елдегі су тасқынына қатысты тың мәлімдеме жасады

1621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/izobrazhenie_2024-03-30_140847710.png
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы су тасқыны туралы соңғы жайттарды мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Республикалық штабтың бақылауында 7 облыс бар, олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары», - делінген хабарламада. 30 наурыз сағат 12.00-ге дейінгі қорытынды бойынша:
  • Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұланның 6 мыңнан астам адамы, 3 мың техникасы мен 12 ұшағы жұмылдырылған.
  • 7783 адам, оның ішінде 2800 бала құтқарылып, эвакуацияланды.
  • 3131 адам, оның ішінде 1093 бала уақытша орналастыру орталықтарында.
  • 644 адам, оның ішінде 236 бала Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұлан ұшақтарымен құтқарылды.
  • Қажетті жерлерге 300 мыңнан астам қап пен 45 тонна инертті материал төселді.
  • 3,5 млн м3 астам еріген су сорылды.
Comments