"Алматылық сот маманы әйелді соққыға жыққан". Полиция түсініктеме берді

2086
Adyrna.kz Telegram

Желіде Талдықорғанда ер адамның жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Болжам бойынша, видеодағы ер адам алматылық сот-медициналық сарапшы маманы деген пікірлер айтылады.

"Алматы қаласының Сот сараптамасы институтының сарапшысына қатты ұқсайтын ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соғып жатыр. Ішкі істер министрлігінен шара қолдануын сұраймыз", - делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Жетісу облысының тәртіп сақшылары бізге хабарлағандай, оқиға 9 қаңтарда Талдықорғанда болған.

"Полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінді облыстық полиция департаментінің жауабында.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады!

Пікірлер